Инклюзивтілік көрінісі: Астана 120-дан астам нысан бейімделді
2023 жылы Астанада 120-дан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделді.
Мүгедектігі бар жандардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді орта жасау мақсатында 2023 жылы Қазақстан астанасында 122 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толығымен бейімделді.
Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттырудың 2025 жылға дейінгі Ұлт жоспары, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және «Халықпен бірге» жобасы әзірленіп мемлекет тарапынан жүзеге асырылуда.
Жоба Интерактивті қол жетімділік картасының веб-сайтында тізімделген ел бойынша бейімдеуге арналған 35 мыңнан астам басымдықты нысандарды анықтады. 2021-2022 жылдары 8 мыңнан астам нысан бейімделді. 2023 жылдан бастап 2027 жылға дейін жыл сайын кемінде 5 мың нысан бейімделуі керек (5 жылда 27 мың). 2023 жылдың соңында 2021-2022 жылдарды есепке алғанда 13857 нысан бейімделді.
Астанада 2023 жылы жергілікті атқарушы органдар 122 учаскеде мүгедектігі бар азаматтардың барлық санаттарын бейімдеу жұмыстарын жүргізді:
— білім беру объектілері – 26 (мектептер, балабақшалар);
— денсаулық сақтау объектілері – 20 (ауруханалар, емханалар, медициналық пункттер);
— мәдениет объектілері – 7 (театрлар және т.б.);
— спорттық ғимараттар – 4 (спорт залдары, спорт сарайлары және т.б.);
— әлеуметтік қорғау объектілері – 5;
— дүкендер, сауда үйлері – 24;
— қызмет көрсету саласының объектілері – 36.
«Жалпы қала бойынша мүгелдектігі бар жандарға барлық қолайлы жағдайлар жасалуда. Меншік иелері өз мүліктерін құрылыс нормаларына сәйкес келтіруге тырысуда. Көптеген кәсіпкерлер, тіпті мемлекеттік органдар мүгедектігі бар азаматтар шағымдары мен ұсыныстарын ескере отырып, кіреберіс аумақтарын өзгертуде. №8 және №9 қалалық емханаларды аралағанда денсаулық сақтау мекемелерінің қолжетімділігі мені таң қалдырды. Есік ойықтары дұрыс өлшемде және ыңғайлы лифт те бар. Мен де жақында А.Иманов көшесіндегі Каспий банк бөлімшесіне бардым, кіреберіс тобы қайта жаңғыртылған, көтергіш құрылғы орнатылған, кіреберіс алаңы кеңейтілген, кіре беріс есіктер ауыстырылған, мүгедектігі бар жандар арбасындағы клиенттерге арнайы касса, тактильді тақтайшалар мен белгілер орнатылыпты. Бұл азаматтардың, соның ішінде біздердің де ең көп баратын жерлеріміздің бірі» — деді бірінші топтағы мүгедектігі бар елорда тұрғыны Дастан Раушанбеков.
Сонымен қатар мемлекеттік бақылау аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментімен мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және т.б салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына 95 тексеру жүргізілді. Оның ішінде: 49 — жоспардан тыс тексерулер, 26 – профилактикалық тексерулер бақылау шеңберінде және 20 – прокуратураның талап етуі бойынша тексерулер жүргізілді.
Жүргізілген тексерулер қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 40 ұйғарым мен 20 жеке өкілдікке ӘҚБтК-нің 826-бабына сәйкес 13 миллион теңгеден астам сомаға 38 әкімшілік айыппұл салынды.
Профилактикалық бақылауды жүзеге асыру кезінде меншік иелеріне құқық бұзушылықтар бастапқы анықталған кезде оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай жою туралы ұйғарым ғана шығарылатынын атап өткен жөн. Бұйрықты белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда айыппұл салынады.