Қазақстандағы балалар лагерлеріне тегін жолдаманы қалай алуға болады, деп хабарлайды Білім министрлігінің баспасөз қызметі.
«Жазғы демалыс және сауықтырумен жалпы білім беретін мектептердің 1-10 сынып оқушыларының 92%-ын, яғни әлеуметтік осал санаттағы 600 мыңға жуық баланы қоса алғанда, 2,9 миллионнан астам баланы қамтылады. Демалыс орындарындағы балалардың қауіпсіздігі ерекше бақылауда. 187 демалыс базасының 150-і 1-10 маусым аралығында іске қосылады. Қалған 37 нысан 15 маусымда жұмысын бастайды», — делінген сейсенбі күні таратқан хабарламада.
Кім тегін жолдама алуға құқылы:
•АӘК алуға құқығы бар отбасы балалары (атаулы әлеуметтік көмек);
•Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардың балалары;
•Отбасында тұратын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
•Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
•Білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің басқа санаттары.
Ата-аналарға немесе қамқоршыларға сауықтыру лагеріне тегін жолдама алудың үш нұсқасы бар:
•Халыққа қызмет көрсету орталықтары;
•Облыстық (қалалық, аудандық) білім бөлімдері арқылы;
• eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы.
Тіркеу кезінде қажет болатын құжаттар тізімі де берілген:
1. өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
3. «АХАТ Тіркеу пункті» ақпараттық жүйесінде электронды түрде баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе оның қағаз жеткізгіштегі көшірмесі не туған Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде;
4. некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАТ Тіркеу пунктінде мәліметтер болмаса);
5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (бұдан әрі – ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы);
6. мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
•мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатынын растайтын анықтама;
•мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін-алынған табыстар туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы туралы, Кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстар туралы, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі табыстар туралы анықтама);
•отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
•төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға және басқа санаттарға.
Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден 3 883 бала еліміздің сауықтыру орталықтарында тегін демалыспен қамтамасыз етілгені және 20 мың бала «Қазақстан халқына» қорының «QH Жаздық жолдама» жобасы аясында тегін демалуға мүмкіндік алатыны хабарланды.