Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Анафин Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Олжас Сейітбатталұлы Анафин 1986 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың маманы болып бастаған.
2015-2016 жылдары – Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлім бастығы.
2016-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарма басшысы, басқарушы директоры.
2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті.