Now Reading
Алматы облысында инклюзивті спорт лагері ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Алматы облысында инклюзивті спорт лагері ашылды

Алматы облысында инклюзивті спорт лагері ашылды

Алматы облысында инклюзивті спорт лагері ашылды

Қапшағай су қоймасының жағалауында инклюзивті спорт лагері ашылды. Ол 200 орынға арналған. Ата-аналар балалармен бірге демалады.

Балаларға психологтар, теннис, футбол, садақ ату, бочче және корнхол жаттықтырушылары қызмет көрсетеді. Сонымен қатар тренингтер мен түрлі ойындар дайындадық. Ересектерге арналған бағдарламаның қарқындылығы кем емес – оларға оқыту семинарлары мен ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту әдістері бойынша курстар өткізіледі. Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» қоры инклюзивті даму бағдарламасы аясында ұйымдастырды.

Нұрхия Кеңесханқызы, Қарағанды облысының тұрғыны:

– Мен немереммен Қарағанды облысының Балқаш қаласынан келдім. Менің немерем 14 жаста. Біз осы жерден жақсы әсер, қуат алып, достарымызды кездестіреміз деп үміттенемін. Оның үстіне бұл сауықтыру орталығына барып ем қабылдағандай емес, бұл спорттық лагерь.

Альфия Әдиева, «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры:

– «Самұрық-Қазына» қоры екінші маусымда инклюзивті лагерьге қолдау көрсетуде. Бұл серіктестермен бірге жасалған біздің түпнұсқа жобамыз. Өкінішке орай, біздің елімізде балаларға арналған инклюзивті лагерьлер жоқ. Жоба өткен жылы өте жақсы нәтиже көрсетті. Балалар да, ата-аналар да риза болды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...