Now Reading
Несие бойынша қарыздар кімге және қалай есептен шығарылады?
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Несие бойынша қарыздар кімге және қалай есептен шығарылады?

Несие бойынша қарыздар кімге және қалай есептен шығарылады?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов бүгін өтіп жатқан Қазақстан-Корея форумы аясында несиелік қарызды қандай жағдайда және кімге есептен шығаруға болатынын айтты.

 

Қизатов Қазақстандағы банктермен және микроқаржы ұйымдарымен қадағалау іс-шаралар жоспарының қорытындысы туралы хабарлады.

 

Бұл жұмыстың мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтары өкілдері үшін несиелік жүктемені жеңілдету. Ал бұл Қазақстандағы несиелік қарыздың өсуі аясында өте өзекті.

 

Бұл – әлеуметтік-бағдарланған саясат, біз қазір банктер мен микроқаржы ұйымдарының балансында қарызы бар қарыз алушылар арасынан халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары – көп балалы аналар, 2 топтағы мүгедектігі бар жандар, объективті себептермен несие бойынша төлемдерді уақтылы төлеуде қиналған зейнеткерлерді қарызшылар ішінен шығару жұмысын жасап жатырмыз. Біз банктермен және микроқаржы ұйымдарымен тығыз жұмыс жасағымыз келеді, олар қарызды есептен шығару және жеңілдету шараларын белсендірек жүргізеді.

 

Бұл ретте, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасарының пікірінше, бұл қаржы нарығына қатысушылардың өздерінің еркімен болуы тиіс.

 

Бірақ біз олармен белгілі бір жұмысты біртіндеп қаржылық қиындықтары бар қарыз алушылар бойынша жүргізетін боламыз, олар борыштық жүктемені төмендету бойынша жұмысты біртіндеп жүргізетін болады. Яғни, олар барлығын бірден есептен шығара алмайды, бұл олардың капиталына қатты әсер етеді, сондықтан мұның бәрі жүйелі түрде жүзеге асырылады. Біз де, банктер де, микроқаржы ұйымдары да бұған объективті және негізді түрде қарайтын боламыз», — деді ол.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...