Now Reading
10 шілдеде Астанада такси агрегаторлары арқылы инватакси қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба басталды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > 10 шілдеде Астанада такси агрегаторлары арқылы инватакси қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба басталды

10 шілдеде Астанада такси агрегаторлары арқылы инватакси қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба басталды

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар жандарға қолжетімді және сапалы қызмет көрсету мақсатында «Инватакси» қызметін көрсетуді трансформациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 2023 жылдың 10 шілдесінен бастап Астана қаласында «Астана қаласындағы мүгедектігі бар балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің инватакси қызметін алушылар үшін Яндекс Go қызметі арқылы «Инватакси» пилоттық жобасы іске қосылды. Пилоттық жобаны шілде-тамыз айларында жүзеге асыру жоспарлануда.

 

Пилоттық жоба аясында қызмет алушылар автокөлікті жылдам таңдау мүмкіндігіне ие болды. Қызметтер Астана қаласының ішінде көрсетіледі.

 

Қызмет алушылар үшін «Инватакси» деп аталатын жеке тариф әзірленген. Бұл тарифті қосымшада жеке кабинеттегі тізімдерге енгізілген пилоттық жоба қатысушылары ғана көре алады.

 

Осылайша, пилоттық бағдарлама аясында азаматтар Яндекс Go мобильді қосымшасы арқылы инватакси аясында автокөліктерде сапарларға тапсырыс бере алады. Жобаны жүзеге асырудың айқын артықшылығы қызмет алушы үшін автокөлікті жылдам таңдау, тапсырыстың мәртебесін онлайн бақылау және жасалған сапарларды бақылаудың қарапайым жүйесі болмақ. Қолданба мүмкіндігі шектеулі пайдаланушылар жүргізушіге арнайы жол жүру сұраулары туралы хабарлауы үшін арнайы мүмкіндіктер экранын іске қосты, ал жүргізушілер арнайы нұсқаулар алады, мысалы, адамға көлікке кіріп-шығуға көмектесу.

 

Пилоттық жобаға қатысты барлық сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: +7702 793 58 21.

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×