Now Reading
«Таза Қазақстан»: Астанада жаңа әлеуметтік жоба іске қосылуда
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Таза Қазақстан»: Астанада жаңа әлеуметтік жоба іске қосылуда

«Таза Қазақстан»: Астанада жаңа әлеуметтік жоба іске қосылуда

Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция аясында «Таза Астана» жаңа әлеуметтік жоба іске қосылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

 

«Таза Астана» жобасының мақсаты – әрбір аулада тазалық пен тәртіпке саналы, адал көзқарас қалыптастыру.

 

Жоба аясында арнайы құрылған экологиялық комиссия тоқсан сайын «Ең таза аула», «Ең үздік кәсіпорын», «Ең үздік мекеме» атақтарын белгілеп, марапаттайтын болады.

 

Комиссия құрамына Астана қалалық қоғамдық кеңесінің өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, аудандардағы мәслихат депутаттары, «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы салалық кеңестерінің, салалық бірлестіктердің, мүгедектігі бар жандар қоғамдары бірлестіктерінің өкілдері, ардагерлер, экологтар және т.б. кіреді.

 

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы сәуір айында басталған болатын. Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және басқалар), еріктілер, оқушылар мен студенттер, объединения собственников имущества, (пәтер иелерінің кооперативтері) және басқалар қатысады.

 

Экоакция шеңберінде елордада қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жүргізіледі. Сондай-ақ жасыл екпелерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату бойынша іс-шаралар, рұқсат етілмеген полигондарды жою жүргізілуде.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...