Қарағанды облысында тұрғын үйге кезекте 2 мыңнан астам Балқаш тұрғыны тұр.
Биыл қалада 5 көпқабатты үй салынуда. Тілші қоныс тойы қашан болатынын және пәтерлердің кімге берілетінін білді.
Балқашта жаңа шағын аудан салынып жатыр: бес көпқабатты үй салынуда. Әрқайсысының құны 750 миллион теңге. Биыл екі тұрғын үй пайдалануға беріледі.
Саятбек Мусин, Балқаш қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:
— Қазір инфрақұрылым, кәріз, жылу, су құбырларын әкеліп жатырмыз. Жыл соңына дейін бұл үйлерге барлық инфрақұрылым тартылады. Бір үй – 45 пәтер, мұнда 5 үй бар. Биыл 90 пәтер берілсе, келесі жылы 90 пәтер беріледі.
Балқашта 2 мыңнан астам кезекте тұрғандар бар. Жартысы халықтың әлеуметтік осал санатынан. Олар жаңадан салынып жатқан үйлерден жалға берілетін баспанаға алғашқы өтініш білдірушілер. Кейбір пәтерлерді 5 пайыздық мөлшерлемемен банктен несие алып сатып алуға болады.
Дархан Өміржанов, Балқаш қалалық тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспекторы.
— Көп балалы және мүгедектігі бар балалары бар отбасыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектігі бар жандарға 2 пайыздан аспайтын мөлшерлеме қарастырылған. Биыл облыс бойынша жалпы екі мыңға жуық пәтерді тапсыру жоспарлануда. Бұрынғымен салыстырғанда 18 пайыздан астам.