Now Reading
Астанада белсенді зейнеткерлер арасында спорттық спартакиада өтті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Без рубрики > Астанада белсенді зейнеткерлер арасында спорттық спартакиада өтті

Астанада белсенді зейнеткерлер арасында спорттық спартакиада өтті

Астанада белсенді зейнеткерлер арасында спорттық спартакиада өтті

 

«Ұлытау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде өткен жарысқа қаланың барлық ауданынан 65 жастан асқан зейнеткерлер қатысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Спартакиаданың басты мақсаты – аға буын өкілдері арасында белсенді өмір салтын қалыптастыру, денсаулығын нығайту және спортқа деген қызығушылығын арттыру. Жарысқа қатысқан алты команда эстафеталық сайыстарда, асық атудан, арқан тартудан және басқа да спорттық жарыстарда бақ сынады.

 

Астана қаласы Сарыарқа ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы филиалының жетекшісі Кенжеболат Бапишевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар зейнеткерлерге бос уақытын тиімді өткізуге, жаңа орта табуға және қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

 

«Бүгін біз зейнеткерлерімізді спорттық жарыстарға жинадық. Біздің мақсатымыз – олардың өздерін еркін сезініп, жастармен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатынын көрсету. Сонымен қатар олардың үйде бос отырмай, денсаулығына көңіл бөліп, мүмкіндіктері мен қызығушылықтарына қарай түрлі үйірмелерге қатысқанын қалаймыз. Сондай-ақ жастық шағында жүзеге асыра алмаған армандарын орындауға мүмкіндік болса дейміз. Осындай іс-шаралар арқылы аға буын өкілдерін біріктіріп, оларды белсенді өмір салтына ынталандыруға ұмтыламыз», – деді Кенжеболат Сапарұлы.

 

Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар анықталып, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері марапатталды. Сонымен қатар қатысушылар арасында «Ең шебер команда», «Ең шығармашыл команда» және «Ең ұйымшыл команда» номинациялары бойынша да марапаттар табысталды.

 

 

 

 

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54, +7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×