Now Reading
Ардақ Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ардақ Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Ардақ Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Ардақ Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ардақ Амангелдіұлы Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды», — делінген министрлер кабинетінің хабарламасында.
Ардақ Амангелдиевтің жаңа қызметінде стратегия, экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік ететіні атап өтілді.
Ол 1975 жылы дүниеге келген. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, сондай-ақ Ли Куан Ю және Д.Кеннеди атындағы (мемлекеттік басқару магистрі) Гарвард бірлескен практикум бағдарламасын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды облыстық қаржы басқармасының бас маманы болып бастады.
Осы жылдар ішінде Қаржы министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Денсаулық сақтау министрлігінде, «Қазына» тұрақты даму қорында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, Ұлттық банкте, Премьер-Министр Кеңсесінде және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет еткен.

2016-2023 жылдар аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығында менеджердің кеңесшісі, АХҚО басқарушы директоры қызметтерін атқарған.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...