Қатерлі ісікке қарсы қазақстандық дәрі: бірінші емделуші пациенттердің ісігі 30%-ға азайған
1 шілдеде басталған тестілеудің екінші кезеңіне 3 мыңға жуық онкологиялық науқас қатысуда.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатерлі ісікке қарсы бірегей қазақстандық дәрінің сынақтары туралы айтты.
Ол қазірдің өзінде Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында онкологиялық ауруға шалдыққан 15 науқас тестілеудің бірінші кезеңінен өткенін еске салды.
«Біз қатерлі ісіктің өте агрессивті түрін таңдадық – таңдап алынған 15 адамда тоқ ішек қатерлі ісігінің 4 стадиясы. Емдеу барысында ісік 30%-ға қысқарды. Біз енді ісіктің барлық түрлерінде сынақ жүргізбекшіміз. Сынақ Алматыда Астанада, Павлодарда өтуде», – деді Саясат Нұрбек.
1 шілдеде басталған тестілеудің екінші кезеңіне 3 мыңға жуық онкологиялық науқас қатысуда. Сонымен қатар министр атап өткендей, жаңалық жарияланғаннан кейін ғалымдарға 5 мыңнан астам науқас еріктілер жүгінген.
«Жылдың аяғына дейін екінші кезең аяқталады, біз барлық деректерді өңдейміз, біз бұл дәрі-дәрмекті қолданысқа енгіземіз деп үміттенеміз (көпшілік қолдану үшін — автор)», — деді министр.
Министрлік қосымша қаржы қарастырып қойған: екінші кезеңге шамамен 2 млрд теңге бөлінеді. Зерттеу тобы қаржыны тамыз айында алады.
Қазақстандық ісікке қарсы препараттың жасалғаны туралы осы жылдың қаңтарында белгілі болды. Препарат жасушалық тамақтануға маманданған және ісік клеткаларының қоректену процесін бұзады.