Now Reading
Елордада алғашқы ірі «ÓzgeEpic» шығармашылық хабы ашылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада алғашқы ірі «ÓzgeEpic» шығармашылық хабы ашылды

Елордада алғашқы ірі «ÓzgeEpic» шығармашылық хабы ашылды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram желісіндегі парақшасында «ÓzgeEpic» алғашқы ірі шығармашылық хабының ашылғанын хабарлады.

 

«Елордада алғашқы ірі шығармашылық хаб («Мирный дом» тұрғын үй кешенінде орналасқан) ашылды. «ÓzgeEpic» хабына бірегей этно-музей мен қолөнер шеберханасы кіреді. Мұнда қонақтарға заманауи арт-перформанс, музыкалық және әдеби кештер үшін трансформер зал, сондай-ақ заманауи өнер галереясы, театр алаңы және ұлттық ойындардың смарт аймағы ұсынылады. Сондай-ақ, хаб аумағында қазақстандық баспалардың өнімдерін сатуға арналған кітап дүкені бар.

 

Мемлекет басшысы креативті экономика ірі қалаларды дамытудың қозғаушы күші, талантты, шығармашыл адамдарды тартатынын атап өтті.

 

Астанадағы шығармашылық хабтың мақсаты – бәсекеге қабілетті заманауи өнерді дамыту және қоғамның мәдени санасын арттыру, сондай-ақ дарынды және интеллектуалды жастарды қолдау және тәлімгерлік ету. Хаб креативті нарыққа жүздеген мамандарды қосуға ықпал етеді», — деді елорда әкімі.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...