Қазақстанда 83 адамды улаған кәсіпкер мектеп оқушыларын тамақтандыруды жалғастырады.
«Жамбыл облысында мектептегі түскі аспен 83 адамды улаған кәсіпкер жаңа оқу жылында оқушыларды тамақтандыруды жалғастырады — аудандық білім бөлімі онымен келісімшартты ұзартты», — делінген хабарламада.
Зардап шеккендердің саны 83 адам, оның екеуі мұғалім екені хабарланды.
Байзақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Рита Алтынбасова қорытынды бойынша бұл жерде санитарлық нормалар сақталмағанын хабарлады.
«Мектепте бірден эпидемиологиялық жұмыстар жүргізілді. Ыдыс-аяқтардан үлгілер сол күні кешке алынды. Барлығы палау мен салат жеген, компот ішкен. Талдау барысында палаудан стафилококк және компоттан ішек таяқшасы анықталған. Палаудан сынама алғанда, оның иісінен оның бұзылғаны белгілі болды. Ол жерде санитарлық нормалар сақталмаған», — деді Алтынбасова.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарагүкеев ауруханада жатқан зардап шеккендерге барып, мектепте ыстық тамақ ұйымдастырып жатқан Тоқсейітов атындағы жеке кәсіпорынның жұмысын тоқтатуды тапсырғаны атап өтілді.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынша, Жамбыл облысы әкімдігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің алғашқы зертханалық зерттеуінің қорытындысы бойынша 12 түрлі өнімнен колиформды бактериялар табылған.
«Содан кейін ақпарат барынша жасырылды. Зертханалық зерттеулердің, ведомствоаралық тексерулердің және тергеулердің нәтижелері туралы әлі нақты деректер жоқ», — делінген хабарламада.
Байзақ аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, тергеу барысында жеке кәсіпкер Тоқсейітов қызметтік нұсқаулық пен еңбек шартына сәйкес санитарлық ережелерді сақтауды аспаз Малика Ақбергеноваға сеніп тапсырғаны анықталды.
«Қосымша табыс табу үшін Ақбергенова фуршет өнімдерін өндіру үшін шығу тегі белгісіз өнімдерді жеке өзі сатып алған, оны сатудан қосымша табыс түскен. Аспаз Ақбергенова санитарлық ережелерді бұза отырып, сорбциялық көрсеткіштері әртүрлі өнімдерді бөлек сақтауды, тамақты жеткізуден бір күн бұрын дайындауды, жеке бас гигиенасын сақтауды қамтамасыз етпеген. Ақбергенованың іс-әрекеті мен одан туындаған салдарлардың арасында себеп-салдарлық байланыс бар, бұл тергеумен дәлелденді», — делінген іс материалдарында.
Киікбаев атындағы мектеп директоры Гүлбахрам Ермековаға 849 160 теңге көлемінде айыппұл салынғаны хабарланды.
Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің мәліметінше, облыста 445 мектеп болса, оның 30-ында асхана жоқ. 2024 жылы оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға 9,5 млрд теңге бөлінетіні көрсетілген.
«Облыста 38 кәсіпкер мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетеді. Ең ірі жеткізушіде 93 мектеп болса, басқаларында бір-бес мектеп бар», — деді Мәдібек.
И.П.Тоқсейітов Сарысу, Жамбыл, Байзақ, Рысқұлов, Меркі аудандары мен Тараз қаласындағы 93 мектепті 2,5 миллиард теңге ұтыс ұтып алған ірі кәсіпкер болып отфр.