Now Reading
Қызылша қаупі: Астананың бас санитарлық дәрігері екпенің маңыздылығы туралы айтты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қызылша қаупі: Астананың бас санитарлық дәрігері екпенің маңыздылығы туралы айтты

Қызылша қаупі: Астананың бас санитарлық дәрігері екпенің маңыздылығы туралы айтты

Ата-аналардың балаларын егуден бас тартуы астаналықтар арасында вакцинамен басқарылатын аурулардың көбеюіне алып келеді. Бұл туралы Байланыс қызметінде өткен брифингте Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты.

 

Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Астана қаласының тұрғындарын иммундаумен қамту мониторингінің деректері бойынша 1 жасқа дейінгі балаларды дифтерияға, сіреспеге, көкжөтелге, гемофильді инфекцияға, полиомиелитке, пневмококкты инфекцияға, 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің дифтериясына және сіреспеге қарсы екпелермен жоспарлы қамтуға қол жеткізілді.

 

«Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 6 айында көкжөтелдің 435 расталған жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында — 417 (көрсеткіш – 100 мың тұрғынға шаққанда 30,5), 2023 жылы көкжөтелдің 5 жағдайы тіркелді, өсім 82 есе. Аурудың негізгі себебі 54% немесе 234 жағдайда ата — аналардың көкжөтелге қарсы профилактикалық егуден бас тартуы болып табылады», — деді астаналық санитарлық дәрігер.

 

«Өткен жылдың наурыз айынан бастап елордада қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі байқалды. . Ағымдағы жылы 6 айда қызылшаның 1541 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1059 жағдай, өсім 12 есе, сырқаттанғандардың ішінен қызылшаға қарсы 1069 адам екпе алмағандар», — деді Сархат Бейсенова.

 

«Осыған байланысты Департамент әлеуметтік желілерде вакцинация туралы әдейі жалған ақпараттың таралуын қадағалайды және медициналық ұйымдармен бірлесіп, мұндай мәлімдемелерге жедел түрде жауап береді, осылайша түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 2 472 ата-ана екпенің маңыздылығын түсініп, вакцинациядан өтті, олардың ішінде бұрын екпеден бас тартқан 623 бала да бар, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7 есеге жоғары, ол кезде ата-аналармен жүргізілген әңгімеден кейін 80 балаға ғана екпе салынған», — деп толықтырды спикер.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...