Now Reading
Абай ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 500-ге жуық адам жаңа баспанаға ие болады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Абай ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 500-ге жуық адам жаңа баспанаға ие болады

Абай ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 500-ге жуық адам жаңа баспанаға ие болады

Абай ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарынан 500-ге жуық адам жаңа баспанаға ие болады

Оның 229-ы жетім балалар, 47-сі көп балалы аналар.
Бородулиха ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында екі пәтерлі 17 тұрғын үй салу жоспарлануда, деп хабарлайды Абай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бородулиха, Новопокровка және Михайличенково ауылдарында жалпы ауданы 2,9 мың шаршы метр үйлер салынады. Сонымен қатар Михайличенково ауылында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін екі пәтерлі екі тұрғын үй салынуда. Нысан қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.
Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, Бородулиха ауданында тұрғын үйге мұқтаж 487 адам есепте тұрса, оның 229-ы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 47-сі «Алтын алқа», «Күміс алқа» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған 10 отбасы, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар 22 адам, 84 толық емес отбасы, 79 мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметкерлер, ғарышкерлер, ғарышкерлікке кандидаттар, сайланбалы мемлекеттік қызметтерді атқаратын адамдар және жалғыз баспанасы қауіпті деп танылған 10 қазақстандық бар.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
0
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.