Now Reading
Түркістанда қайтыс болған 18 жастағы жасөспірімнің бүйрегі тараздық көп балалы әкеге ауыстырылып салынды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Түркістанда қайтыс болған 18 жастағы жасөспірімнің бүйрегі тараздық көп балалы әкеге ауыстырылып салынды

Түркістанда қайтыс болған 18 жастағы жасөспірімнің бүйрегі тараздық көп балалы әкеге ауыстырылып салынды

Түркістан облысында алғаш рет қайтыс болған донордан мұқтаж адамға орган трансплантациялау операциясы жасалды.

Трансплантация Тараз қаласының тұрғыны, 6 баланың әкесі Дархан Оспановқа жасалды.

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында жасалған ота 2 сағатқа созылды. Дәрігерлер қайтыс болған донордың бүйрегі үш адамға жарамды болғанымен, тек осы науқасқа ғана қолайлы болғанын айтады. Мұндай операция Түркістан облысында алғаш рет жасалып отыр.

«Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, ол наркоздан айыққан. Трансплантацияланған бүйрек толық жұмыс істейді. Қазір екі литрден астам зәр шықты. Бұл бүйрек өз жұмысын атқарып, ағзадан барлық улы заттарды алып тастайды дегенді білдіреді. Алдағы уақытта бүйрек өз жұмысын қазіргідей дұрыс атқара берсе, науқасқа гемодиализ мүлдем қажет болмайды», – дейді Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков.

Реципиенттің жұбайы Перизат Әбдірайымова күйеуіне бүйрегін беруге 1 ай дайындалып, анализ тапсырған. Беларусь Республикасында бүйрек ауыстыру операциясына 30 миллион теңгеден астам қаражат қажет болған. Дәрігерлер 6 баланың әкесі Дархан Оспановқа хабарласып, оған донор табылғанын айтқанда, ол сенбеген. Кейін мұны учаскелік дәрігер де растап, одан кейін Д.Оспанов ота жасауға кеткен.

— Анализ нәтижесі келгенше осы емхананың алдында түнеп шықтым. Аллаға жалбарынып, бүйрекке қол жеткіздік. Мен оны жүрегіммен сезіндім. Үш адам шақырылды. Бұл бүйрек кімге үйлеседі деп үлкен үмітпен күттік. Кеше үш жарымда қорытынды шыққан соң дәрігер барлығына телефон соғып, кімнің бүйрегі қолайлы екенін айтты. Күйеуімді бірден отаға алып кетті», – дейді науқастың жұбайы Перизат Әбдірайымова.

Түркістан облысында алғаш рет қайтыс болған донордың ағзасын ауыстыру операциясы жасалуда.

Атап өткендей дәрігерлер қайтыс болған 18 жастағы жігіттің бір бүйрегін Астанаға жіберіп, 16 жастағы жасөспірімге ауыстырып салынған. Алматы қаласының тұрғынына бауыр ауыстырылды, 58 жастағы Шымкент тұрғынының жүрегі ауыстырылды.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×