Now Reading
Жұмысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жұмысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер

Жұмысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер

2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың саны 198,5 мың адамды құрады, ағымдағы жылы 148,9 мың азамат төлем алды. Төлемдердің жалпы сомасы 46,5 млрд теңгені құрады.

 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына қарай 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылғаны үшін әлеуметтік төлемдер алады. Төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен жоғалған табыстың 45%-ға дейінгі мөлшерінде жүзеге асырылады.

 

Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін сізге:

 

— eGov.kz порталына кіру;

 

— «Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру» бөлімінде «Жұмыс іздеушілерді тіркеу» қызметін таңдау;

 

— барлық жолдарды толтыра отырып, қызметке онлайн тапсырыс беру және электрондық қолтаңбамен қол қою арқылы өтінішті жіберу;

 

— бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;

 

— егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде жұмыссыз мәртебесі қашықтан тағайындалады (қажет болған жағдайда мансап орталығы қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушіге хабарласады).

 

Бұл қызметті электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да онлайн алуға болады.

 

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда Еңбекминінің ақпараттық жүйесі ұялы телефонға МӘСҚ-дан төлемді тағайындау жөніндегі қызметті проактивті форматта көрсетуге келісуге SMS-хабарлама жібереді. Келісім болған жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

 

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер жұмыстан босату себептеріне қарамастан тағайындалады және жұмыссызды жұмыс іздеп жүрген кезеңде қолдауға арналған.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×