Now Reading
Жалпыға бірдей міндетті оқыту аясында Астанада 12 мыңнан астам бала көмек алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Жалпыға бірдей міндетті оқыту аясында Астанада 12 мыңнан астам бала көмек алды

Жалпыға бірдей міндетті оқыту аясында Астанада 12 мыңнан астам бала көмек алды

Астанада «Жалпыға бірдей міндетті оқыту» шеңберінде жаңа оқу жылында оқушылардың жекелеген санаттарына киім, аяқ киім, кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық және қаржылық көмек көрсету көзделген. Бүгінгі таңда 12 027 бала қамтылды. Бұл туралы елорданың Білім басқармасының өкілдері педагогтердің 2024 жылғы тамыз форумында хабарлады.

 

Алдағы оқу жылында материалдық көмектің мөлшері бір балаға 43 407 теңгені құрайды. Білім басқармасы осы қызмет мәселесі бойынша мектеп басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Мемлекеттік қызметті алу үшін мектепке құжаттармен бірге өтініш беру қажет.

 

Келесі санаттардың біріне жататын оқушыларға көмек көрсетіледі:

 

— АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

 

— жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар;

 

— жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар;

 

— Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балалар;

 

— басқа санаттар (өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар).

 

Айта кетейік, бүгінгі таңда елорда мектептеріне 12 мыңнан астам өтініш түсті. Олардың барлығы пысықталды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасуда.

 

Сондай-ақ дайындық аясында жаңа оқу жылында «Мектепке жол» акциясы және жыл сайынғы мектеп жәрмеңкесі өткізілді.

 

«Мектепке жол» республикалық акциясы 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады. Оның шеңберінде аз қамтылған, көпбалалы, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы отбасылар қамтылады. Барлығы әлеуметтік осал санаттағы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарлануда.

 

Айта кетейік, «Мектепке жол» акциясы мектеп рюкзактары түріндегі демеушілік қаражат есебінен көмек көрсетуге бағытталған.

 

Естеріңізге сала кетейік, егер отбасы жоғарыда аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке барып, растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×