Астана тұрғын үй орталығы 2024 жылдың 4 қыркүйегінде таңғы сағат 9:00-ден басталатын «Елорда жастары» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлады.
Өтініштер 2024 жылдың 10 қыркүйегі сағат 23:59-ға дейін birge.astana.kz порталы арқылы электронды түрде қабылданады.
Бағдарлама «Отбасы Банкі» АҚ арқылы елордадағы бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша Банк беретін несиелік займ саны 75-ті құрайды.
Бағдарлама шарттары:
• несиенің максималды сомасы – 18 млн теңге;
• бастапқы жарна – 10%;
• несие мөлшерлемесі – жылдық 5%;
• несие мерзімі 19 жылға дейін.
Бағдарламаға қатысу үшін азаматтарға қойылатын талаптар:
• жұбайының (бар болса) жасына қарамастан, өтініш берген кезде 35 жасқа дейінгі жас (34 жасқа дейін). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек бір жұбайға қатысуға рұқсат етіледі.
• Астана қаласында соңғы (бір) жылдан кем емес тұрақты тіркеуде болуы және өтініш беру кезінде онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің тіркелуі;
• өтінімді беру кезінде 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) сомасынан астам бастапқы жарна сомасының «Отбасы Банкі» АҚ-да жинақ шотының болуы;
• өтінімге енгізілген Бағдарламаға қатысушы және оның отбасы мүшелері үшін Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 (бес) жыл ішінде апатты жағдайдағы, құлау (қирау) қаупі бар тұрғын үйлерді қоспағанда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің, сатып алу құқығы жоқ жалға берілетін тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі, отбасының басқа мүшелерімен бірге ортақ үлестік мүлкі) болмауы тиіс;
• зейнетақы шотынан үзінді көшірмемен расталған өтініш берген кезде соңғы 1 (бір) жылдан кем емес Астана қаласында таңдалған сала бойынша ресми жұмыс өтілі;
• отбасының әрбір мүшесі үшін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес (260 442 теңге) соңғы 6 (алты) айдағы еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстың (зейнетақы жарналарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті жарналарды қоспағанда) болуы;
Келесі қызмет бағыттары бойынша Астана қаласының мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлері қатыса алады:
• Денсаулық сақтау
• Білім беру;
• Мәдениет;
• Спорт;
• Әлеуметтік сала;
• Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары;
• Журналистер;
• Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының/мекемелерінің тиісті қызметкерлері;
• қызмет саласына қарамастан Астана қаласы бойынша «жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатындағы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған отыз бес жасқа дейінгі азаматтар;
• Астана қалалық полиция департаментінің және оның бөлімшелерінің тиісті қызметкерлері;
• Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің және оның бөлімшелерінің тиісті қызметкерлері;
• «Қазпочта» АҚ Астана қаласындағы филиалдарының бейінді қызметкерлері.
Қажетті құжаттар тізімі мен қатысушыларды таңдауға қойылатын талаптарды Бағдарламаның веб-сайтында табуға болады.