Прокуратураның тексеруінен кейін Жамбыл облысында 156 жетім бала баспана кезегінде қофылды.
Жамбыл облысының прокуратурасы халықтың әлеуметтік осал топтарынан 356 азаматтың, оның ішінде 156 жетім балалардың тұрғын үй құқықтарын қорғады.
Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, тексеру барысында жергілікті атқарушы органның жалға берілетін тұрғын үй үшін төлемдерді негізсіз асыра бағалау, пәтерлерді беру кезінде кезекті сақтамау және т.б. фактілері анықталды.
— Мәселен Байзақ ауданында 2014 жылдан бері 65 бала қамқоршылар тарапынан баспана кезегіне қойылмаған.Прокурорлық ден қою шаралары бойынша жалпы сомасы 1,2 млн.теңгеге жалдау ақысын арзандату арқылы 200 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді, 156 жетім бала кезекке қойылды, оның үшеуі баспаналы болды.Жыл соңына дейін 66 жетім баланы пәтермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері ерекше бақылауда, деп қосты Жамбыл облысының прокуратурасы.