Now Reading
Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 2,1 мыңнан астам тексеру жүргізді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 2,1 мыңнан астам тексеру жүргізді

Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 2,1 мыңнан астам тексеру жүргізді

Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 2,1 мыңнан астам тексеру жүргізді

2024 жылдың басынан Қазақстанның барлық өңірлерінде әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік инспекторлары 2126 тексеру жүргізді, оның 528-і профилактикалық бақылау аясында, 511-і жоспардан тыс, 1087-сі прокуратураның сұрауы бойынша.

Мемлекеттік бақылау мыналарды қамтиды: әкімдіктер – 159, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 98, мемлекеттік мекемелер – 67, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 74, оңалту орталықтары – 6, ауруханалар, емханалар – 85, стомалогиялар – 3, санаторийлер – 4, балабақшалар – 407, мектептер – 927, колледждер, лицейлер – 72, дүкендер – 18, сауда үйлері – 26, банк филиалдары – 6, «Қазпошта» АҚ филиалдары – 7, полиция бөлімшелері – 9, мәдениет үйлері – 15, мұрағаттар, мұражайлар – 13, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 16, нотариустар – 2, автобус парктері, авто және теміржол вокзалдары, әуежайлар – 8, жеке кәсіпкерлер – 46, кітапханалар – 4, жасөспірімдер спорт мектептері, спорт мектептері – 13 және т.б.

Мәселен, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша азық-түлік дүкеніне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектісі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.

Бұл ретте өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу шараларын жүзеге асыруда оң динамика барын атап өтті.

Мәселен, мүгедектігі бар азамат Ерген Бекарыстановтың айтуынша, Орал қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың жағдайын жақсартуда оң үрдіс бар.

«Күн сайын қала бойынша мүгедектігі бар жандарға жағдай жасалып жатыр. Киров атындағы саябақта көру қабілеті нашар адамдар үшін тротуар бойында тактильді гидтер орнатылды, қала бойынша банктерге, супермаркеттерге және дәмханаларға кіру мүмкіндігі қарастырылған. Атап айтқанда, мүгедектігі бар жандарға арналған автотұрақтар, пандустар мен кіреберіс топтары стандартқа сай, жалпы қала бойынша инфрақұрылым нысандарын қолжетімділік стандарттарына сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде, бұған мен өте қуаныштымын», — деп Ерген Бекарыстанов өз пікірімен бөлісті.

Еске салайық, Қазақстанда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енгеннен бастап халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік инспекторлары институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау кіреді.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×