Now Reading
Ахмади Сарбасов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ахмади Сарбасов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

Ахмади Сарбасов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

А.Сарбасов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2024 жылғы 27-28 тамызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Сарбасов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барады, жұмыс сапары барысында еңбек ұжымдарымен және тұрғындармен, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен бірқатар кездесулер өткізеді.

Кездесулер барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау, еңбек құқықтарын қорғау және жұмысшыларды әлеуметтік қолдау мәселелері, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасы талқыланатын болады.

Бірінші вице-министрге жолданатын сұрақтар мен ұсыныстарды мынадай байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР Еңбек министрілігінің ресми интернет-ресурсы арқылы (www.gov.kz), Egov.kz электрондық үкімет порталы,  «Е-Өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы (suraqtar.kz).

Сондай-ақ, мына телефондар бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74 37 23, 74 36 79.

Азаматтарды қатысуға және қызықтыратын сұрақтарды қоюға шақырамыз.

0
Tags :
No More Posts