Елордада демалыс күндері — сенбі және жексенбі күндері қоғамдық көлік жұмысы қайта жанданды.
Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысын қайта бастау туралы шешім қабылданды. Енді автобустар қала бойынша күн сайын штаттық режимде сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін қатынайды.
Сонымен қатар, автобустарды залалсыздандыру күн сайын бірнеше рет жүргізіледі. Жолаушылардан санитарлық нормаларды сақтауды — бетперде киюді, санитайзерлерді қолдануды сұрайды. Автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады. Жол жүру төлемі тек қолма-қол ақшасыз: көлік картасымен немесе QR-кодты сканерлеумен жүзеге асырылады.