Now Reading
Паралимпиада ойындары: дзюдошы Ақмарал Науатбек финалға шықты
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Паралимпиада ойындары: дзюдошы Ақмарал Науатбек финалға шықты

Паралимпиада ойындары: дзюдошы Ақмарал Науатбек финалға шықты

Парижде 2024 жылғы Паралимпиада ойындары жалғасуда. Кезекті жарыс күні парадзюдодан жарысып жатқан қазақстандық Ақмарал Науатбек финалға шықты.

 

Спортшы 48 келіге дейінгі салмақта (J2 категориясы) ел намысын қорғайды.

 

Бастапқыда ол Кокиладан (Үндістан) мықты болып шықты. Жартылай финалда Науатбек Кахиде Екеден (Түркия) басым түсті.

 

Шешуші жекпе-жекте ол Сандрин Мартинетпен (Франция) кездеседі.

 

Қазақстандық жүзуші Әмір Мұратбеков те бүгін Паралимпиада ойындарының финалына шықты.

 

Қазақстанның Паралимпиада ойындарында бірінші «алтыннан» кейін нешінші орында тұрғаны бұрын хабарланған болатын.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі дүркін Паралимпиада чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады.

 

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов та Давид Дегтяревті Париждегі Паралимпиада ойындарындағы алтын медальмен құттықтады.

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...