Now Reading
Қазақстандық жүзуші 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстанның екінші күмісін жеңіп алды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қазақстандық жүзуші 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстанның екінші күмісін жеңіп алды

Қазақстандық жүзуші 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстанның екінші күмісін жеңіп алды

Қазақстандық жүзуші Нұрдәулет Жұмағали 5 қыркүйекте 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды.

Спортшы мәреге 1:04,83 уақыт көрсетіп, өз санатында жаңа паралимпиада рекордын орнатты.

«Нұрдәулет Жұмағалиды Парижде өткен Паралимпиада ойындарында жеткен жетістігімен құттықтаймыз, ол паражүзудегі тәжірибесі мен шеберлігінің арқасында бүгінде Қазақстанның абыройын асқақтатты, сонымен бірге Нұрдәулет өзінің ерік-жігерімен, жеңіске деген құлшынысымен әрқайсымызды шабыттандырып, баршаға үлгі-өнеге болып, елімізді әлемдік сахнада танымал етуге орасан зор үлес қосты. – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Бұған дейін Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбектің алтын алғаны хабарланған болатын. Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинетті жеңіп, алтыннан алқа тағынды.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...