Now Reading
Астанада жасы 80-нен асқан әжелер этноауылдағы көрмеде өз бұйымдарын көрсетті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астанада жасы 80-нен асқан әжелер этноауылдағы көрмеде өз бұйымдарын көрсетті

Астанада жасы 80-нен асқан әжелер этноауылдағы көрмеде өз бұйымдарын көрсетті

Астанада жасы 80-нен асқан әжелер этноауылдағы көрмеде өз бұйымдарын көрсетті

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көрмесінде 80 жастан ашқан әжелер клубы мен «Қолдан жасалған сыйлықтар» үйірмесінің әжелері жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдар қала қонақтары арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық зейнеткерлер этноауылда өтіп жатқан Республикалық жәрмеңкеде әр өңірден келген шеберлермен бірге белсене атсалысуда.
Көрмеде шебер әжелер кимешектер, орамалдар, шапандар, тақиялар, кілемшелер, көрпешелер, сөмкелер, алқалар, ұлттық қуыршақтар, асық, торсық, тұмарлар сияқты кәдесыйлар мен т.б. ұлттық бұйым түрлерін ұсынды.

Сонымен қатар, елордалық зейнеткерлер 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қонақтары мен көрермендерін өз өнерлерімен таң қалдырып, ерекше талғаммен ұлттық кәдесыйлар дайындады. Жүннен тоқылған суреттер, ат паносы, алтыбақан, шаңырақ, салпыншақ сақиналары ерекше сұранысқа те болды.

Айта кетейік, 7-9 қыркүйек аралығында көрмеге қойылған бұйымдарды Байқоңыр мен Сарыарқа аудандарының әжелері арт-терапия үйірмелерінің жетекшілері Балым Сапарханқызының мен Жібек Жайкенованың, Альфия Чернятевичтің жетекшілік етумен жасады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...