Now Reading
Әлеуметтік инфрақұрылым: Жетісу облысында 168 нысан бейімделген
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Әлеуметтік инфрақұрылым: Жетісу облысында 168 нысан бейімделген

Әлеуметтік инфрақұрылым: Жетісу облысында 168 нысан бейімделген

Жетісу өңірінде баршаға кедергісіз орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері 168 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделген.

 

Қазірдің өзінде облыста білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерді қоса алғанда, барлығы 628 осындай нысан жоспарға сәйкес бейімделді, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

— Аймақ басшысы Бейбіт Исабаевтың тапсырмасына сәйкес Жетісу өңірінде мүгедектігі бар жандардың әлеуметтік инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы 168 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделіп, оған жергілікті бюджеттен 591,8 млн.теңге бөлінді. Барлығы Жол картасы аясында 1119 нысанды бейімдеу жоспарланса, оның 628-і осы кезеңде аяқталды. Тағы 491 нысан кезең-кезеңімен бейімделеді. Осылайша, біз 2027 жылға қарай облыстың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеу бойынша жоспарланған жұмыс көлемін толығымен аяқтаймыз», — деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

 

Сондай-ақ, Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің мамандары мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылау шеңберінде биыл өңірде 95 тексеру жүргізді. 70 субъект жалпы сомасы 9,6 млн. теңгеден астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

«Талдықорғандық кәсіпкерлермен де түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мәселен, сауда үйлерінің басшылығына қайта-қайта хабарласамыз. Жағымды мысал ретінде қазір екі көтергіш орнатылған «Шапағат» сауда үйін атап өткім келеді: бірі сауда ғимаратының екінші қабатына, екіншісі «Zeta» дүкенінің кіреберісінде пандус бар. Енді жүру қабілеті нашар адамдар мен мүгедектігі бар жандар арбасына таңылған адамдар өз бетінше сауда жасай алады. Қабылданған шаралары үшін «Шапағат» сауда үйінің басшылығына алғысымды білдіремін. Сауда нысандары мен басқа да мекемелердің басқа құрылтайшыларына жүгіне отырып, мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуіңізді сұраймын. Әр адам үшін кедергісіз орта құру – біздің ортақ міндетіміз», – деп атап өтті «ELSTAR» мүгедектігі бар жандар қоғамдық бірлестігінің басшысы, Талдықорған қаласы әкімінің Мүгедектігі бар жандардың құқықтары жөніндегі кеңесшісі, мүгедектігі бар адамдардың инфрақұрылымына қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі мониторингтік топтың мүшесі Вадим Друзин.

 

Сондай-ақ облыста «Инватакси» қызметі құрылғанын айта кеткен жөн. Бүгінде облыста жыл басынан бері 34 мамандандырылған автокөлік бар, 60 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

 

Жалпы, Жетісу облысы жан-жақты қолжетімділікті қамтамасыз етіп, кедергісіз орта қалыптастыруға баса назар аударылуда. Сонымен қатар, жаңа нысандарды салу кезінде мердігерлерге барлығына қолжетімді ортаны қамтамасыз ету ережелерін сақтау бойынша нақты талаптар қойылады.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×