Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Қазақстанда буллингтің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Биылғы оқу жылында елдегі мектептерде буллингке қарсы KiVa бағдарламасы іске қосылды. Қазір ол біздің мектеп оқушыларының ерекшеліктеріне сәйкестендіріліп жатыр. Ол әлемде өзін жақсы жағынан көрсетті және 15 елде, соның ішінде Финляндия, Ұлыбритания және Жапонияда жұмыс істейді.
Оның ерекшелігі процестің өзінде жатыр. Атап айтқанда оқу бағдарламасына ойындар, тестілеу және буллер, жәбірленушінің, арандатушылардың және бақылаушылардың рөлдерін дамыту енгізілген. Мұның бәрі балалардың қорлау белгілерін өз бетінше анықтауға үйренуі үшін жасалады.
Динара Зәкиева, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі:
— Жазда осы пилоттық жобаға қатысатын мұғалімдер мен мектептерге оқыту жүргізілді. Бұл ретте келесі жылдан бастап Қазақстанның барлық мектептерінде буллингке қарсы бағдарламаны енгізуге дайындық жұмыстарын жүргізу үшін психологиялық қолдау орталықтарының басшылары да осы бағдарламаны зерделеуге кірісті. Менің ойымша, алдағы бірнеше айларда, содан кейінгі жылдар ішінде біз оң өзгерістерді көруіміз керек.
Қазақстандағы 50 мектепте «Досбол лайк» буллингке қарсы бағдарламасы енгізілді
«Досбол лайк» бағдарламасы тағы 50 мектепте енгізілді. Ол еліміздің 7 облысында жұмыс істейді. Бұрын ол тек Астана мен Алматыда жұмыс істесе, енді бұл бағдарлама 70 мың білім алушы пен 5 мың педагог-психологты қамтитын болады. Олар жанжалдарды реттеу және медиация бойынша сабақтар алады, сонымен қатар буллнигтің құрбаны болған балалармен жұмыс істеу дағдыларын үйренеді.
Өткен жылы пилоттық жобаның алғашқы қатысушылары астаналық мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары болды. Аралық нәтижелерді жоба өкілі Айым Бақыт қорытындылады.
Айым Бақыт, «Өркен» Ұлттық балаларды қорғау институтының аға ғылыми қызметкері:
— Мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, яғни ата-аналар, мұғалімдер, мектептің техникалық қызметкерлері, директорлар мен мұғалімдерден тұратын буллингке қарсы күрес тобына оқыту семинарлары өткізілді. Білім алушылардың буллинг процесіне, яғни агрессорлардың өздеріне де, жәбірленушілердің өздеріне де қатыстыру деңгейіне де зерттеулер жүргізілді. Осы деректер негізінде жаңа оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.
Халида Әжіғұлова:
Алматы қаласының бұрынғы Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Халида Әжіғұлованың айтуынша, мектептер буллингтің алдын алу ережелерін қатаң сақтауы керек. Басшылық ең алдымен қауіпсіз ортаны құруға мүдделі болуы керек. Әрбір мектепте буллингке қарсы ішкі саясат болғаны жөн. Сондай-ақ барлық қызметкерлерді мұғалімдер мен балалардан бастап күзетшілер мен гардеробшыларға дейін оқыту маңызды.
Халида Әжіғұлова, заңгер:
— Мектепте буллингтің болмауы басшы үшін басым мәселе болса, әрине, бұл басшы мектепте буллинг болмас үшін, барлық қызметкерлер қажетті тексеруден өтуі үшін бәрін жасайды. Буллингтің алдын алу бойынша курстар мен білім беру тренингтері. Ал егер басшы осы мәселеге көз жұмса немесе басшының өзі агрессор, буллер болса, ұстаздарына қорлық көрсетсе, әрине, ол ештеңе істемейді.