Күйік шалып, ауруханаға түсіп, қажетті операцияны күтпеген қыздың ата-анасы зардап шеккені үшін 10 миллион теңге талап еткен.
Ақтөбе облысында төрт жасар Балым Елепбергенованың ата-анасы былтыр қызы түскен көпсалалы балалар ауруханасының үстінен сотқа шағым түсірді. Сәби 2023 жылдың маусым айында денесін күйік шалып, ауруханаға түскен. Ол кезде ол небәрі үш жаста еді. Ата-анасының айтуынша, атасын жерлеу кезінде олардың көңілдері ауып, сәби үстіне қайнаған су төгіп алған. Оның бөксесі, жамбасы, аяғының төменгі жағы мен екі табаны күйіп қалған.
Біз бірден Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түстік. Олар бізді барлық дәрі-дәрмектерді, бинттер, лейкопластырь сатып алуға міндеттеді. Арнайы күйікке қарсы таңғыш бар екен, оны да сатып алдық. Үш күннен кейін қызымызды қарапайым палатаға ауыстырды. Ауруханада күйік бөлімі мүлде жоқ. Тек күйік палатасы бар екен. Ал ол жерде арнайы төсек болғанымен, оны пайдаланбаған. Өйткені олар бұл төсек үшін баланың салмағы жетпейтінін айтты», — деп еске алады қыздың анасы Гүлдерай Ғаділшина.
Ауруханада жатқан қыз бен анасын алдағы уақытта ең жаман нәрсе күтіп тұрды. Гүлдерай Ғаділшинаның айтуынша, қызының жараларын күн сайын таңып, одан бала керемет азап көрген.
«Ауруханада бізге ауруды басатын екпесіз күнде жараларын қайта таңып отырды. Бірақ мен біздің дәрігерлерге сендім. Одан кейін хаттамаға сәйкес балалардағы күйік ауруларын таңу әр төрт күн сайын ортақ наркоз сала отырып жасалатынын кейін білдім», — деп есіне алады әйел.
Жиырма күннен кейін Балымның қызуы көтеріліп, жалпы жағдайы нашарлады.
«Температура көтерілді, гемоглобин түсіп кетті. Содан күйеуім дәрігерге жолығып еді, 18-19 шілдеде ота жасататынын айтқан. Жалғыз комбустиолог демалыста болғандықтаг біз оны 24 шілдеге дейін күту керек болдық. Бірақ ол кезде де операция жасалмады, себебі ауруханада терінің донорлық қиындыларын кесетін «дерматом» аппараты жоқ екенін білдік. Ал балада интоксикация жүрып жатты», – деп еске алады Гүлдерай.
Содан кейін отбасы басқа дәрігерлерді іздеуге шешім қабылдады. Баланың ұзақ жолдан аман қалмайтынын түсінген сәбидің ата-анасы жақынырақ Орынбордағы күйік шалу орталығына хабарласады. Сол жерде дәрігерлер асығуға кеңес беріп, оларды қабылдауға келіседі. Өз шешімін ақтөбелік дәрігерлерге жеткізген Гүлдерай бірден қызын алып көрші елге кетіп қалады.
«Бізді дереу ауруханаға жатқызды, олар Балымның көп қан жоғалтқанын айтты. Егер бірден аутодермопластика жасаса, тері қиындыларын ағза қабылдамайтынын айтты, сол себепті олар 24 сағат бойы қан кетуді тоқтатты 26 шілдеде қызымызға ота жасалды», — деп еске алады сәбидің анасы.
Операция сәтті өтті, бірақ қыз ұзақ уақыт бойы оңалтудан өту керек болды. Ата-анасы қызына екі жылға мүгедектік алуға тура келді. Қазір ол Алматыда жеке дәрігерлермен оңалту курсынан өтіп жатыр. Балым әлі жүре алмайды, тек еңбектейді. Бұл ақтөбелік дәрігерлердің салғырттығының салдары деп есептеген отбасы аурухананы сотқа берді.
«Балалар ауруханасында біздің баламызға, оның қиналуына мүлдем немқұрайлылықпен қарады. Клиникалық хаттамаға сәйкес, күйіктен кейінгі шоктан арылғаннан кейін бірден оңалту шаралары қабылданады. Осы оңалту шараларына сәйкес баланың терісін қалпына келтіру үшін операция жасау қажет болды. Біз Фармакологиялық және медициналық бақылау комитетінің бөліміне хабарласқан болатынбыз, ол жерде шағым орынды деп танылды. Ауруханада күйікке қарсы «дерматом» аппараты бар, бірақ оның аккумуляторы жоқ, далалар комбустиологы бар, бірақ оның мұндай операцияны жасау тәжірибесі болмаған. Сәйкесінше, емдеу ұзаққа созылған сайын асқынулар мен салдарлары көп болды», — деп түсіндірді адвокат Венера Тапаеваға.
Талап арызында отбасы моральдық шығын ретінде ауруханадан 10 миллион теңге талап еткен. Бірінші инстанциядағы сот Балымның ата-анасының талаптарын толық қанағаттандырды.
«Кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін анасының шағымы бойынша қалалық мемлекеттік ауруханалардың бірінен моралдық шығынды өтеу туралы азаматтық іс қарастырылды. Сапасыз қызмет көрсету салдарынан баланың шеккен физикалық және моральдық азаптарын ескере отырып, сот жауапкерден моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге материалдық шығын өндірді», — деп атап өтті Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы Айжамал Сүндет.
Көпсалалы балалар ауруханасының басшылығы дәрігерлердің әрекеті баланың мүгедек болуына себеп болды дегенмен келіспейді және өз тараптарынан сот шешіміне наразылық жолдады.
«Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының әкімшілігі сот шешімімен келіспеуіне байланысты апелляциялық шағым түсірді, бүгінгі таңда іс бойынша тәуелсіз сот сараптамасы жүргізілуде, комиссия жұмысының қорытындысын алғаннан кейін жауап беріледі», — деді бұл туралы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Оқиғаның қалай аяқталатыны іс апелляциялық сотта қаралған соң белгілі болмақ. Зардап шеккен тарап арыз дайындайды. Балымның ата-анасы сараптаманы басқа облыстардың мамандары жүргізсін деп талап етуде.