Астаналық мүгедектігі бар әйел өзін емдеуден бас тартқан медициналық орталықты сотқа берді
ҚР Жоғарғы соты бүгін, 2024 жылдың 18 қыркүйегінде медициналық орталық келісім-шартты біржақты бұзған Астана тұрғынының ісі туралы айтып берді.
Хабарламадан белгілі болғандай, астаналық мүгедектігі бар азамат (I топ) 2013 жылдан бері амбулаторлық гемодиализ қабылдап, 2016 жылдан бері есепте тұрады.
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында 2022 жылы амбулаторлық гемодиализ орталығымен бір жыл емделгеннен кейін емделушіге оның медициналық қызметкерлерге қатысты жанжалды мінез-құлқын алға тартып келісімшартты біржақты бұзу туралы хабарлама жіберген. Науқас келісімшарттың біржақты бұзылуы және моральдық шығынды өтеуді талап етіп, медициналық көмексіз қалғанын алға тартып сотқа жүгінген. Осының салдарынан гемодиализ алу үшін сол түні Алматыға ұшуға мәжбүр болғанын да көрсеткен» — деп көретеді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің баспасөз қызметі.
Медициналық орталық өз жауабында науқастың медицина қызметкерлерін балағаттап, әлеуметтік желілерде ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін құқық қорғау органдарына шағым түсіргенін көрсеткен.
Келісімшарт талаптарына сәйкес, медициналық мекеме медициналық қызметкерлермен жанжал мен төзімсіз мінез-құлық туындаған жағдайда науқасты шығаруға құқылы.
Істі қарай отырып, сот мынаны көрсетті:
• орталық таратылған, пациент қайтыс болған, тараптардың жазбаша келісімі бойынша, орталықтың медициналық қызметті жүзеге асыру құқығынан айырылған және емделуші сауығып кеткен жағдайда шартты бұзу заңды болып саналады;
• емделушінің дұрыс емес мінез-құлқына байланысты шартты мәжбүрлеп бұзу шарттары оның кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде емделу құқығын шектейді;
• талапкердің орталықта болу ережелерін өрескел бұзу фактісі сотта расталмаған.
«Бұл дауға жалған ақпарат таратудың еш қатысы жоқ, бұл жағдайда сот орталықтың келісім-шартты бұзу әрекетін заңсыз деп танып, талапкердің пайдасына 50 мың теңге моральдық шығын өндіріп берді» -дейді Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты.