Now Reading
Астаналық зағип оқушы Лондонда өткен таланттар байқауында жеңіске жетті
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Астаналық зағип оқушы Лондонда өткен таланттар байқауында жеңіске жетті

Астаналық зағип оқушы Лондонда өткен таланттар байқауында жеңіске жетті

Астаналық зағип оқушы Лондонда өткен таланттар байқауында жеңіске жетті


«Алтын уақыт таланты» халықаралық байқауында астаналық Абылай Мұстафин фортепианода қазақ композиторларының шығармаларын орындап, шетелдік қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Абылай Астанадағы Жұмабек Тәшенов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы. Сонымен қатар Роза Бағланова атындағы 2-музыка мектебінде фортепиано класында оқиды. Абылайдың көзінен мүгедектігі болса да, мүмкіндігінің шексіз екенін көрсетті.
– Бұл жарыста жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Музыка мектебінің мұғалімі Олеся Ивановнаға, анам мен әкеме қолдау көрсеткендері үшін рахмет», — деді ол.
Абылай математиканы да жақсы меңгерген. Менталдық арифметикадан Германия мен Түркияда өткен олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Абылай өз болашағын ІТ-технологиялармен байланыстырғысы келеді.
Бұл байқауда алматылық суретші Әсемгүл Сүлейменова да бас жүлдені жеңіп алды.
«Менің басты мақсатым – әлемге Қазақстанда дарынды адамдар көп екенін көрсету», — дейді суретші қыз.
Жарысқа қатысушылардың 30 пайызы – жерлестеріміз. Осылайша, ағайынды Гүлімай, Дінмұхаммед және Нұрбақыт Талап сахна төрінде қазақтың ұлттық өнерін паш етті. Олар домбыра тартып, қазақтың күйлерін орындады.
Байқауға балалармен қатар кәсіби музыканттар да қатысты, олардың арасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры да болды.
– Консерваториядағы квинтетке биыл 20 жыл толып отыр. «Мен мұнда өзімізді таныту үшін арнайы келдім», — деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов.
«Алтын уақыт таланты» халықаралық байқауы төртінші жыл қатарынан өткізілуде. Ұйымдастырушылар Ұлыбританияға онлайн іріктеуден өткен 25 елдің өкілдерін шақырды. Конкурсқа қатысу үшін виза және жол жүру ақысы қажет; Отандастардың Лондонға келуіне демеушілер қолдау көрсетті.
– Таланты барлар үшін беделді байқаулар көп. Біздің байқауға өзін дәлелдеуге әлі үлгермеген таланттар қатысады. Сахнаға бес жасар балалар да, 70-тен асқандар да шығады», — дейді байқауды ұйымдастырушы Инесса Била.
Жеңімпаздардың есімдері байқаудың ресми сайтындағы үздіктер тізіміне енгізіледі. Олар жетекші оқу орындарынан шақырулар мен халықаралық компаниялардан ынтымақтастық ұсыныстарын ала алады. Лауреаттар Ұлыбритания мен АҚШ-та өз дағдыларын дамытуды жалғастыру үшін таланттар визалар ала алады, — дейді ұйымдастырушылар.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×