Осы демалыс күндері Астанада жыл сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы басталады, онда Қазақстан өңірлерінің тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі азық-түлік жәрмеңкесіне азаматтардың қалай жетуге болатынын еске салды.
21 қыркүйек пен 27 қазан аралығында сенбі және жексенбі күндері апта сайын ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтетін «Қазанат» ипподромы арқылы № 18, 37, 303, 323 бағыттар жүреді, — дейді «City Transportation Systems» ЖШС.
Бұрын хабарланғандай, 21 қыркүйекте елордада Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарының шаруалары бірінші болып өз өнімдерін ұсынбақ. Олар Астанаға 125 тонна ет және ет өнімдері, 250 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 26 тонна сүт өнімдері, 22 тонна балық, 26 мың дана жұмыртқа, 2 тонна нан өнімдері және 60 тонна басқа да азық-түлік өнімдерін әкелмек.
Сонымен қатар, 21 қыркүйектен бастап көлік қызметін жақсарту мақсатында Ж.Нәжімеденова көшесіндегі «Эльбрус» тұрғын үй кешеніне дейін № 14, 32 бағыттағы қозғалыс схемалары ұзартылды. Сенбіден бастап «Үркер» тұрғын алабындағы № 62 бағыттың қозғалыс кестесі өзгереді. Енді маршрут Сырым батыр және Исатай батыр көшелері арқылы өтеді.
Суретте № 18, 37, 303, 323 бағдарлардың қозғалыс сызбасын көруге болады.