Now Reading
Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеу
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеу

Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдар үшін бейімдеу

Ақмола облысында мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және оларға қолжетімді орта жасау мақсатында 941 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толығымен бейімделген.

 

Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын арттырудың 2025 жылға дейінгі Ұлт жоспары, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда.

 

«Amanat» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасында Интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 35 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыстар қарастырылған. Жыл сайын нысандардың 20 пайызы бейімделуге жатады.

 

Мәселен, 2023 жылы — Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы — 40%, 2025 жылы — 60%, 2026 жылы — 80%, 2027 жылы — 100%. Қазіргі таңда республика бойынша 17 233 нысан толығымен бейімделген.

 

Ағымдағы жылдың соңына дейін Ақмола облысында 653 нысанды бейімдеу жоспарланса, облыс жоспарды асыра орындады, 941 нысанда бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

 

Мәселен, облыстағы 941 нысанның ішінде барлық санаттағы мүгедектігі бар жандарға мыналар қолжетімді:

 

— денсаулық сақтау нысандары – 132;

 

— білім беру нысандары – 337;

 

— мәдени нысандар – 87;

 

— сауда және қызмет көрсету объектілері – 95;

 

— мемлекеттік ұйымдар – 194;

 

— спорт нысандары – 16;

 

— көлік инфрақұрылымының объектілері – 9;

 

— қоғамдық тамақтандыру нысандары – 5;

 

— әлеуметтік қорғау объектілері – 8;

 

— басқа — 58.

 

«Мен Көкшетау қаласында тұрамын, мұнда күнделікті әлеуметтік маңызы бар түрлі мекемелерге бару қажет. Бұл дүкендер, дәріханалар, ауруханалар. Әрине, мен үшін барған кезде объектілердің қолжетімділігі өте маңызды. Мысалы, қала көшелерінде көру қабілеті нашар жандар үшін арнайы жолдар бар, бұл бізге қозғалған кезде өте ыңғайлы, жаяу жүргіншілерге арналған белгілер үнемі көрініп тұрады және жаңартылады, яғни боялған, көптеген нысандарда мүгедектігі бар жандар арбасындағы адамдар үшін арнайы көтергіш баспалдақтар бар, бұл өте маңызды. Көптеген әлеуметтік нысандардың кіреберісінде баспалдақтардың болуы туралы ескертулер бар. Белгілері бар, бұл да өте ыңғайлы. Мәселен, М.Әуезов көшесінде көру қабілеті нашар жандар үшін арнайы жол бар. Өзім суға түсетін «Бурабай» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған киім ауыстыратын арнайы бөлме бар. Қоғамдық көлікте жүру тегін, автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы орындар да қарастырылған», – дейді екінші топтағы мүгедекігі бар Сәуле Булатова.

 

Сонымен қатар, ағымдағы жылы мемлекеттік бақылау шеңберінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және т. б. салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 63 тексеру жүргізді, оның ішінде: 26 – жоспардан тыс тексеру, 35 – профилактикалық тексеру шеңберінде және 2 прокуратураның талабы бойынша.

 

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 32 ұйғарым шығарылып, 6,6 млн теңгеден астам сомаға 12 әкімшілік айыппұл салынды.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×