Now Reading
«Tez Tap»: ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арасындағы байқау
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > «Tez Tap»: ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арасындағы байқау

«Tez Tap»: ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арасындағы байқау

«Tez Tap»: ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арасындағы байқау

Түркістанда ерекше қажеттіліктері бар азаматтар арасында алғаш рет «Tez Tap» зияткерлік байқауы өтті. Қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан және Кентау қаласынан 60-тан астам қатысушылар жиналды.

Байқауға 18-50 жас аралығындағы азаматтар қатысып, түрлі тақырыпта арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді. Қатысушылар 10 командаға бөлініп, төрт кезең бойынша өз білімдерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша «Достар» командасы бірінші, «Жігер» екінші, «Білімділер» үшінші орынға ие болды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жеңімпаз «Достар» командасының мүшесі, түркістандық Сүйеніш Еркінов 100-ден астам кітап оқыған, «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының тамаша оқырманы. Ол: «Мен арнайы мектепте оқыдым, жас кезімнен өлеңге, кітап оқуға құмар болдым. Алған білімім команданы жеңіске жетелеуге көмектесті. Бізге үлкен мүмкіндіктер беретін осындай жобаны ұйымдастырғандарыңызға рахмет».

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...