Now Reading
Қарағандыда жарақат алған баланың беті мен мұрын сүйектері титан пластиналарының көмегімен қалпына келтірілді
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Қарағандыда жарақат алған баланың беті мен мұрын сүйектері титан пластиналарының көмегімен қалпына келтірілді

Қарағандыда жарақат алған баланың беті мен мұрын сүйектері титан пластиналарының көмегімен қалпына келтірілді

Қарағандыда жарақат алған баланың беті мен мұрын сүйектері титан пластиналарының көмегімен қалпына келтірілді

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жағдайында құрамында лор дәрігер, нейрохирург бар жоғары дәрежелі мамандар командасы Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасының жақ-бет хирургымен бірлесіп бет қаңқасы мен мұрын кешенінің сүйектері зақымданған балаға күрделі операция жасады.

Бала жол апатынан кейін шұғыл түрде келіп түсті, жағдайының ауырлығы бойынша реаниматолог дәрігерлердің бақылауымен қарқынды терапия бөлімшесінде болды.

Жағдай тұрақтанғаннан кейін титан пластиналарын қолдана отырып, Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының қабырғаларында осындай күрделі ота жасау туралы қауіпті шешім қабылдау қажет болды.

Бұған дейін мұндай жағдайдағы балаларға елордалық клиникалар мен республикалық орталықтарда ота жасалған болатын. Қарағандылық дәрігерлердің біліктілігінің арқасында ота асқынусыз сәтті өтті.

Қазіргі уақытта бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.

Титан пластиналарын қолданатын қымбат ота науқасқа әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатының есебінен тегін жасалады.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...