Now Reading
Асхат Шахаров мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін талқылады
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Асхат Шахаров мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін талқылады

Асхат Шахаров мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін талқылады

XXV «Біз біргеміз» акциясы аясында ұйымдастырылған конференцияға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қатысты. Конференцияда мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі қарастырылды.

Конференцияның тақырыбы: «Құрылымдық теңсіздіктерге ғана емес, сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтардың қоғамға әлеуметтік интеграциясына ықпал ететін мәдени, идеологиялық, мінез-құлық аспектілеріне назар аудара отырып, қамтуға бағытталған әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін, белсендірілуін және қолжетімділігін арттыру».

Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекет тарапынан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың қоғамға әлеуметтік интеграциялануы үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Бүгінде Ақтөбе облысында 30 мыңнан астам мүгедектігі бар жандар тұрады, оның 5 мыңнан астамы – балалар. Бұл санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдауға республикалық және жергілікті бюджеттен алты миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыруға бағытталған және мүгедектігі бар азаматтардың қоғамдық ұйымдарына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар бойынша осы қаржыландыру шеңберінде жол белгілері, бағдаршамдар орнатылуда, такси қызметтері көрсетіледі және сондай-ақ, облыстағы 874 нысан әлеуметтік инфрақұрылым қайта жаңартудан өтіп қолжетімділік қамтамасыз етіледі», — деді Асхат Шахаров.

Облыс әкімі ерекше жандарға қолдау көрсету жұмыстары жалғасатынын айтып, бизнес құрылымдарын, меценаттарды, қоғамдық ұйымдарды осы шараларға үлес қосуға шақырды.

Конференция барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, азаматтық сектор мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сөз сөйлеп, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен және перспективалық жоспарлармен бөлісті. Баяндамашылардың әрқайсысы мүмкіндігі шектеулі жандардың өзекті мәселелері шешімін табатынына сенім білдірді.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×