Now Reading
Ақмола облысының инновациялық колледждері мен балабақшалары
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Ақмола облысының инновациялық колледждері мен балабақшалары

Ақмола облысының инновациялық колледждері мен балабақшалары

Тамара Дүйсенова Ақмола облысындағы білім беру нысандарын аралады.

 

Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова өңірдегі бірқатар білім беру нысандарын аралады.

 

ЖОО мен колледж студенттеріне қолайлы жағдай жасау – Үкіметтің бірінші кезектегі міндеті. Осыған байланысты Қазақстанда жатақхана құрылысы қарқынды жүргізілуде. Осындай нысандардың бірі Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің студенттері үшін салынды. 300 төсектік 5 қабатты ғимаратта медициналық кабинет, студенттік бастамалар орталығы, инклюзия бөлмесі бар. Білім ордасы облыстағы үздік деп танылды. Мұнда тек Ақмола облысының тұрғындары ғана емес, Қазақстанның басқа аймақтарынан келген жастар да білім алуда. Мәселен, Маңғыстау облысынан 29 студент келген. Вице-премьер студенттермен әңгімелесіп, оқуларына сәттілік тіледі.

Жұмыс сапары барысында вице-премьер Красный яр ауылындағы көпсалалы инновациялық колледжге де барды. Мұнда облыстағы ірі компаниялармен ынтымақтастық жолға қойылған. Дуальды оқыту әдісі белсенді түрде қолданылады.

 

Білім беру мекемесінің жұмысымен танысқаннан кейін Тамара Дүйсенова ТжКБ жүйесін дамыту жөніндегі кеңеске қатысты. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялап, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыруды тапсырды. Осы тапсырманы іске асыру үшін білім министрлігі ТжКБ трансформациясының кешенді жоспарын әзірлеуде. Бейіндік колледждер бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. Өңірлік еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, Ақмола облысындағы 29 колледж кадрларды даярлаумен айналысады, оның 8-і негізгі колледждер ретінде белгіленген.

 

«ТжКБ ұйымдарының жұмыс сапасы бағаланып, лигаларға бөлінеді. Жан басына шаққандағы қаржыландыру стандарты да өзгереді. Халықаралық салалық стандарттарды енгізген колледждер үшін олардың түлектерінің көпшілігі сертификатталған және орташа жалақысы жоғары, ынталандыру төлемдері қарастырылады».

Тамара Дүйсенова

 

Вице-премьер облыстағы балаларға арналған бірінші инклюзивті балабақшада да болды. Оған ерекше қажеттіліктері бар 77 бала қатысады. Дәрігердің, дефектологтың, психологтың, логопедтің кабинеттері, сондай-ақ оқу және дене шынықтыру алаңы бар.

 

Балабақшада мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту бойынша жиын өтті. Атап айтқанда, балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жүйесі таныстырылды. Яғни, оған бөлінген қаржы мектепке дейінгі мекемелерге бөлінбей, ата-аналардың есепшотына аударылып, балабақшаларды өздері таңдайды. Осылайша, «ақша баланың соңынан ереді» қағидасы жүзеге асады.

 

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында балаларды мектепке дайындау мәселесіне назар аударды. Осыған байланысты балабақшалардың білім беру бағдарламаларын мектептердің бастауыш сыныптарымен үндестіру үдерісін жалғастыру қажет».

Тамара Дүйсенова

 

Вице-премьер жұмыс сапары аясында әл-Фараби атындағы ІТ мектеп-лицейінде болды. Мұнда Тамара Дүйсеноваға білім беру нысандарын пайдалануда қолданылатын цифрлық шешімдер ұсынылды. Олар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мектеп асханаларында тамақтануды ұйымдастыруға бағытталған.

 

Үкімет білім сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Бұл мәселе өңірдегі білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен өткен жиында талқыланды. Облыста әдістемелік қолдауды қажет ететін 127 нысаналы мектеп анықталды. Олардың көпшілігі толық емес. Олармен жұмыс кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

 

«Балабақшалар, мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындары жеке тұлғаны дамытудың бірыңғай, сабақтас, көп деңгейлі жүйесіне айналуы тиіс. Осыған байланысты өңірлерге білім беру бағдарламаларын қаржыландыру, синхрондау және жетілдіру, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл бағытта барлық салада белсенді жұмыстар жүргізілуде» Тамара Дүйсенова

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×