Now Reading
Елордалықтар Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұстаздарын құттықтады   
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордалықтар Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұстаздарын құттықтады   

Елордалықтар Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұстаздарын құттықтады   

Елордалықтар Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ұстаздарын құттықтады

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан ансамблінің әскери қызметшілері Астана қаласы әкімдігінің «Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды.

200-ге жуық қызметкер жұмыс істейтін бұл орталықта психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балалар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға 600-ден астам арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Бүгінгі таңда «Жансая» АҚҚ үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша қосымша 8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Орталықтың мақсаты – жеткілікті сапалы әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік жұмыстың жаңа түрлерін, нысандары мен әдістерін тәжірибеге енгізу, үйде және жартылай стационарлық көмек көрсетуде инновациялық технологияларды қолдану. Қызметтер балаға және мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған бүкіл отбасына жан-жақты әсер ету арқылы көп командалық сипатта болады. Оңалту қызметін алу үшін Орталыққа күніне 60-қа дейін бала келеді.

Орталықтың басты миссиясы әрқашан адамдардың игілігі үшін жұмыс істеу болып табылады.

Шара құқық қорғау органдарының әскери музыканттарының өнер көрсетуімен басталды. Одан кейін ұлттық салт-дәстүр «тұсаукесер» жасалды.

«Жансая» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келген әрбір балаға көмек көрсетіп, қолдау көрсетіп жүрген орталық мамандарына, орталық қызметкерлеріне алғыс айтамын. Менің балам ақырындап жүре бастады. Бұл – Алла Тағаланың кереметі. Емші дәрігер Нұрдәулет Тоқмырзаға алғысым шексіз” – дейді кішкентай науқастың әкесі.

Келесі кезекте Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан ансамблінің солистері Бауыржан Тұрғымбаев, Мұрат Хайролда, Асхат Әмірғалиев, Тұрсынай Шалқымбаева және Дихан Ильяшев концерттік бағдарламаны жалғастырды.

Мерекелік іс-шараның соңында ұйымдастырушылар сақшыларға ынтымақтастығы үшін алғыстарын білдіріп, өнерпаздарға Орталық қызметкерлерінің алғыс хаттары табыс етілді.

Қазақстанда қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Біздің елімізде олардың 35 мыңнан астамы бар.

 

 

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...