Елордадағы «Есіл» университетінде жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараны қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» МКК қалалық Еңбек ұтқырлығы орталығы және университетпен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыс беруші мен өтініш берушінің тікелей байланысы арқылы білім беру ұйымдарының түлектерін, сондай-ақ жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
«Жәрмеңкеге 500-ге жуық адам келді, негізінен 3-4 курс студенттері жақын арада сертификатталған маман болып, жұмысқа орналасуды қажет етеді. Мұнда 50-ден астам ұйым – мемлекеттік органдар мен коммерциялық кәсіпорындар өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды. Біз осындай шараларды жиі ұйымдастырамыз. Бұл жәрмеңке биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Жыл соңына дейін Еуразия университетінде тағы бір жәрмеңке өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді «Астана жастары» КМК NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Әсел Болатқызы.
Студенттер болашақта жұмысқа орналасуға көмектесетін мансап жәрмеңкелерінің тиімділігін атап өтті.
«Мен «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығының төртінші курс студентімін және есепші болуды жоспарлап отырмын. Менің есепшінің көмекшісі болып жұмыс істеген тәжірибем бар. Жақында университет бітіру керек болғандықтан, болашақ туралы ойлауға негіз бар. Жәрмеңке – лайықты жұмыс табудың жақсы мүмкіндігі, мұнда таңдаудың болуы да маңызды», — деп өз әсерімен бөлісті астаналық университет студенттерінің бірі.