Ешкім көмексіз қалмауы тиіс — Премьер-министр емханалардағы дәрі-дәрмек тапшылығы туралы
Премьер-министр Олжас Бектенов тіркеуде тұрған азаматтар үшін емханаларда қымбат дәрі-дәрмек тапшылығына шағымданатынын мәлімдеді.
Премьер-Министр Мемлекет басшысының сирек кездесетін ауруға шалдыққан науқастарды қымбат дәрілермен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын еске салды.
– Бұл жұмысты жақсарту үшін республикалық орфандық аурулар орталығы құрылды. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, мұндай науқастарды емдеу тәсілдері қайта қаралуда. Өздеріңіз білесіздер, есепте тұрған азаматтар үшін емханаларда қымбат дәрілердің тапшылығына қатысты шағымдар көп. Министрлік мұндай науқастарды нақты қадағалап, осы дәрілерге деген қажеттілікті толық қанағаттандыруы қажет. Ешкім көмексіз қалмауы тиіс», — деді Премьер-Министр.
Ол Денсаулық сақтау министрлігіне «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, орфандық препараттарды сатып алудың тізбесі мен қаржыландыру көздерін анықтауды тапсырды.
— «Әлеуметтік әмиян» жүйесі арқылы дәрі-дәрмекке электронды ваучерлер алудың жақында енгізілген үдерісін тез арада жетілдіру қажет екенін қосымша атап өткім келеді. Бұл тегін дәрі-дәрмек беру үдерісін қысқартады. Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты күшейтуі қажет. Халық анық білуі керек: кімге және қандай дәрілер тегін беріледі. Мемлекет өз міндеттемелерін орындайды, деді Олжас Бектенов.
Сонымен қатар, Олжас Бектенов фармацевтика саласын дамытуға өз көзқарастарын өзгерту қажеттігін айтты.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу шаралары қабылданып жатқанын мәлімдеген болатын.
«СК-Фармация» 480 млрд теңгеге 1588 дәрілік және медициналық мақсаттағы бұйымдар түрін сатып алды.