Now Reading
Паражүзуден АҚШ-тағы ашық чемпионат: жүлдегерлер елордаға оралды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Паражүзуден АҚШ-тағы ашық чемпионат: жүлдегерлер елордаға оралды

Паражүзуден АҚШ-тағы ашық чемпионат: жүлдегерлер елордаға оралды

АҚШ-тың ашық чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен астаналық паражүзушілер елордаға оралды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

 

Паражүзуден АҚШ-тың интеллектуалдық ерекшелігі бар параспортшылардың арасында беделді турнир саналатын USADSS & AWL 2024 OPEN NATIONAL CHAMPIONSHIP бәсекесінде астаналық Валерий Югай мен Алпамыс Әмір бақ сынады. Жарыстың қорытындысы бойынша, 17 & Under санатында бақ сынаған Валерий Югай еркін жүзу сайысында 3 алтын, 1 күміс иеленсе, Алпамыс Әмір 18 & Over санатында 3 қола жүлде жеңіп алды.

 

«Былтыр Францияда өткен атақты Virtus додасында паражүзушілеріміз нәтижелері төмен болып, жүлделі орыннан уақытымыз алшақ болып еді. Сондықтан бір жылдың ішінде АҚШ-тағы ашық чемпионатта осынша жүлде болады деп күтпедік. Оның үстіне паражүзуден интеллектуалдық ерекшелігі бар жандарға да көңіл аударылып жатқанына көп жыл болмады. Жоғары нәтижеге бапкер, федерацияның ұйымшылдығының арқасында жеттік», — деді паражүзуден жаттықтырушы Сайлаубек Ернұр.

 

АҚШ-та ұйымдастырылған ашық чемпионатта Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Канада, Колумбия, Мексика, Жапония, Португалия, Аустралия, Польша елдерінен 100-ге жуық параспортшы бақтарын сынады.

 

Отандастарымыз енді 2025 жылы Таиландта Virtus әлем чемпионаты мен Өзбекстанда өтетін жасөспірімдер арасындағы пара Азия ойындарына дайындыққа кіріседі.

0
Tags :
No More Posts
Юр чат Invakz 
The service is currently unavailable, please try again later.
Menu
Delete last 20 messages
Make moderator
Remove from moderators
Blocking
Delete messages
Shadow ban
No connectionUnable to establish a connection to the server. Please try again later.
Oops, something went wrong. Try again later.
Connecting...