2024 жылдың басынан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік инспекторлары 2474 тексеру жүргізді, оның 629-ы профилактикалық бақылау аясында, 655-і жоспардан тыс, 1190-ы прокуратураның сұрауы бойынша.
Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 949 ұйғарым шығарылып, жалпы сомасы 215,8 миллион теңгеден астам айыппұл түріндегі 961 әкімшілік жаза қолданылды.
Мемлекеттік бақылауға: әкімдіктер – 174, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 99, жеке кәсіпкерлер – 49, мектептер – 802, дүкендер – 21, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 110, мәдениет үйлері – 12, мұрағаттар, мұражайлар. – 12, банктер – 12, балабақшалар – 468, колледждер, лицейлер – 144, дәмханалар, мейрамханалар, қонақүйлер – 33, нотариустар – 4, мемлекеттік мекемелер – 114, ауруханалар, емханалар – 88, санаторийлер – 8, сауда үйлері – 39, «Қазпошта» АҚ филиалдары – 9, полиция бекеттері – 8, стоматология – 4, оңалту орталықтары – 11, автобаза, автовокзал, әуежай – 9, кітапхана – 4, жасөспірімдер спорт мектептері, спорт мектептері – 16 және т.б.
Осылайша, Абай ауданында қоғамдық бірлестіктің өтініші бойынша сауда үйлерінің біріне мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ортаның болмауына байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша субъекті айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылды.
Бұл ретте инспекторлар мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеуде оң өзгерістерді атап өтуде.
«Мүгедектігі бар адамдарға жағдай жыл өткен сайын жақсарып келеді. Жаңа нысандар қазірдің өзінде қолжетімді, пандустар, тұтқалар, тактильді құралдар және лифттер бар. Бұрынғы жұмыс істеп тұрған нысандар да жаңартылуда. Мәселен, Grand Bazar базарында мүгедектігі бар адамдарға арналған 20 автотұрақ болса, енді екінші қабатқа көмексіз де кіруге болады. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қолжетімді болды: пандустар талапқа сай, есіктері кең, босағасы жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп жатыр деп есептеймін», – дейді Тараз қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедектігі бар Астанақұл Керімқұлов.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі күшіне енгеннен кейін елімізде халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік инспекторлары институты енгізілген болатын. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау кіреді.