3 желтоқсанда Халықаралық мүгедектігі бар жандар күні атап өтіледі
Халықаралық мүгедектігі бар азаматтар күні әрбір қазақстандыққа тең құқықтарды танудың символына айналды.
Ең қорқынышты дерттің өзі де, бірге қосылып қарсы тұрса, жойылады. Мемлекеттік және облыстық билік органдарының жұмысында қиын өмірлік жағдайға тап болған, денсаулығынан немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылған адамдарға көмек көрсету әрқашан басты назарда болды. Сондықтан мүгедектігі бар азаматтарды қолдау және оларға көмектесу, өмірдің барлық саласында инклюзивті бағытты дамыту өте маңызды!
Барша мүгедектігі бар азаматтарға зор денсаулық, қажымас қайрат, биік жеңістер тілеймін, шаңырақтарыңызда әрқашан бақыт, береке мен сәттілік болсын!
Құрметпен Inva.kz ұжымы.
0