Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау басталады
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау енгізіледі.
Ведомствода атап өткендей, бұл оларды көрсету сапасын жақсартуға және осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға жағдай жасайды. Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті жүргізген лицензия алдындағы талдау нәтижелері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 1007 ұйымның 72,3 пайызы талапқа сай екені анықталды.
Лицензиялауды енгізу арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі болып табылады және мыналарға бағытталған: көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру; көрсетілетін қызметті алушылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеу.
— Осы қызметтерді көрсететін ұйымдардың меншік нысанына қарамастан, арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету қажеттілігі бұрыннан бар. Өткен жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың бірінде орын алған, мүгедектігі бар балалар уланып, тіпті өліммен аяқталған қайғылы оқиғаны еске алсақ та жеткілікті. Кешенді тексеру нәтижелері бойынша ұйымның мүгедектігі бар балалардың құқықтарын өрескел бұзғаны анықталды: тұрмыстық қызмет толық көлемде көрсетілмеген; төсек-орын, киім-кешек пен аяқ киім берудің ең төменгі стандарттары сақталмаған; скринингтік тексерулер жүргізілмеді; тамақтану нормалары бұзылған. Ағымдағы жылдың 11 айында жүргізілген 167 тексеру нәтижесінде 148 субъектіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылып, жалпы сомасы 1,75 млн теңгені құрайтын 15 айыппұл салынды», — деді комитет төрағасы Төлеген Оспанқұлов.
Ол арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы екі негізгі факторға тікелей байланысты екенін атап өтті: қызметкерлердің кәсіби біліктілік деңгейі және қызмет көрсететін ұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігі.
— Бүгінде республика бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласында 12,7 мың әлеуметтік қызметкер бар. Оның ішінде 12 пайызының ғана арнайы білімі бар, ал 88 пайызының медициналық, педагогикалық, экономикалық және т.б. кадрлар сапасын арттыру үшін биылғы жылы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптарды белгілейтін кәсіби стандарт әзірленді. Биылдың өзінде 8,3 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер мамандандырылған оқуды аяқтап, сертификат алды. 2025 жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлердің тізілімі енгізіледі, онда олардың кәсіби құзыретіне қатысты барлық деректер көрсетіледі. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі меморандум жасасқан мамандандырылған кафедралары бар республиканың 14 жоғары оқу орнының базасында әлеуметтік сала мамандары қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан өте алады. Ал арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдарда тиісті жағдай жасау мәселелерін шешу үшін 2025 жылдан бастап лицензиялау енгізіледі», — деді комитет төрағасы.
Лицензия алудың негізгі шарттарының бірі мыналар болып табылады: арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге жарамды және санитариялық ережелер мен өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін ғимараттың болуы; көрсетілетін қызметтердің тиісті сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті материалдық-техникалық базаның болуы; персоналдың болуы; қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ғимараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету және т.б.
Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Комитеттің аумақтық департаменттерімен лицензия алды талдау жүргізілуде, оның барысында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 1007 ұйымның 72,3 пайызы лицензиялау шарттарын толық орындайтыны анықталды.
Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын белгіленген талаптарға сәйкестендіру жұмыстарын жүргізуде.
Бұл ретте арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін үкіметтік емес сектор ұйымдарының ішінен өрт қауіпсіздігі актілері жоқ 86 объект анықталды, 70 – те санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындылары жоқ, 87 ұйымның ғимараттары мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілмеген.
— Біз әкімдіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен лицензиялауға дайындық мәселелерін пысықтауды жалғастырамыз, лицензия алды бақылаудан өту бөлігінде қажетті консультациялар мен қолдау көрсетеміз. Ұйымдарды лицензиялау, біріншіден, көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын қамтамасыз етеді, екіншіден, мүгедектігі бар жандар мен қызмет алушылардың басқа санаттарын қоғам өміріне одан әрі ықпалдастыру арқылы оларды әлеуметтік оңалтудың тиімділігін қамтамасыз етеді,-деп атап өтті Т.Оспанқұлов.