Now Reading
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды

Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды

Астана қаласында арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Болат Жұмаділ мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спикердің айтуынша, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 7 ведомстволық бағынысты ұйымның жұмысын үйлестіреді.

«Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс аясында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұсыну бөлігінде үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру жүзеге асырылады. Биыл стационарлық, жартылай стационарлық және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдар үшін үйде күтім көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 9 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.

Жыл басынан арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7 537 адам қамтылды», — дейді Болат Жұмаділ.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жаңа енгізулерді, яғни лицензиялауды және жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру аясында әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдар мынадай іс-шараларды өткізді:

— «Еңбек шарттарын басқарудың бірыңғай жүйесі» (ЕШББЖ) ақпараттық жүйесіне штаттық кесте енгізілді.

— әлеуметтік қызметкерлер, бөлімшелердің басшылары мен меңгерушілері онлайн режимде SKILLS.ENBEK.KZ кәсіптік оқыту платформасында оқытудан өтіп, сертификаттар алды;

— Career Enbek сайтында әлеуметтік қызметкерлер тізілімінде 300-ден астам әлеуметтік қызметкерлер тіркелді.

— қолда бар 16 ұйымның деректерін цифрландыру шеңберінде 15 ұйым (6 КММ және 9 ҮЕҰ) Social-aleumet.enbek порталында қызмет алушылардың деректерін және материалдық-техникалық жарақтандыруды толтыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

— санитариялық-эпидемиологиялық станциясынан, төтенше жағдайлар департаментінен актілер мен хабарламалар алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ол сөз соңында жалпы арнайы әлеуметтік қызметтерге лицензия алу бойынша жұмыс бақылауда тұрғанын айтты.

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×