Now Reading
Тұрғын үй мәселесін шешу: 2025 жылы Алматыда кімге пәтер беріледі
Inva.kz информационный портал социальных новостей Казахстана. Инва кз > Новости > Тұрғын үй мәселесін шешу: 2025 жылы Алматыда кімге пәтер беріледі

Тұрғын үй мәселесін шешу: 2025 жылы Алматыда кімге пәтер беріледі

Баспана мәселесін шешу үшін келесі жылы Алматыда 3050 отбасы мен жас мамандарды баспанамен қамтамасыз етуді жоспарлануда.

 

«3050 пәтердің 2000-ы халықтың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандарға және 1050-і жұмыс істейтін жастарға бөлінеді», — деді Алматы қаласы әкімдігінің есеп және тұрғын үй бөлу бөлімінің басшысы Нұртас Рақымберген. Бұл туралы Kazinform агенттігінің ресми сауалына Инфрақұрылымды дамыту басқармасынан хабарлады.

 

Барлығы 2024 жылы Алматыда коммуналдық тұрғын үй қорынан кезекте тұрған 2000 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Дегенмен, мәселе өзекті күйінде қалып отыр: қазіргі таңда баспана кезегінде 43 мыңнан астам адам тұр.

 

— 2024 жылдың 13 желтоқсанындағы жағдай бойынша тұрғын үй кезегінде 43 688 адам тіркелген. Оның ішінде 2 334-і жетім балалар, 7 822-сі көпбалалы отбасылар, 18 450-і халықтың әлеуметтік осал топтары, 15 082-сі бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері», — деді ол.

 

2024 жылы барлығы 5523 азамат тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде:

 

* коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй кезегінде 2000 адам;

* 2100 жұмыс істейтін жас – сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй;

* 226 адам – 2 және 5 пайызбен кезекте тұрғандар үшін жеңілдетілген несие бағдарламалары бойынша;

* 1197 – «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша.

 

Сонымен қатар, жалпы сомасы 248,5 млн теңгеге 201 тұрғын үй сертификаты берілді.

 

Алматының тұрғын үй саясатының маңызды бөлігі 2021-2025 жылдарға арналған тұрғын үйді жаңарту бағдарламасы болып табылады. «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері 400 үй иесі апатты үйлерден жаңа пәтерлерге көшірілді. Оның ішінде 280 пәтерді «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС, 120 пәтерді жеке инвесторлар көшірді.

 

Жаңарту бағдарламасы сейсмикалық төзімді емес және пайдалану мерзімі өтіп кеткен апатты ғимараттарды бұзып, олардың орнына заманауи тұрғын үй кешендерін салуға бағытталған. Бағдарламаға 1930 жылдан 1980 жылға дейін салынған екі қабатқа дейінгі тозығы жеткен және апатты жағдайдағы көппәтерлі үйлер, сондай-ақ жеке тұрғын үйлер, өндірістік, сауда және қоғамдық нысандар кірді.

 

Тозығы жеткен үйлердің тұрғындары жаңадан салынып жатқан үйлерден бірдей көлемдегі пәтерлер алады. Оның үстіне жаңа пәтер бұрынғысынан орташа есеппен 10 шаршы метрге үлкен. Барлық пәтерлер таза әрлеуде, орнатылған сантехника, пеш, интернет және өрт дабылдары бар.

 

Құрылыс кезінде барлық қоныс аударғандар жалға алусыз уақытша баспанамен қамтамасыз етілген. Қалағандар үшін таңдау бар: уақытша баспана кезеңін айналып өтіп, күрделі құрылыс кәсіпорнының тұрғын үй қорынан дайын үйге бірден көшуге болады.

 

— Бүгінгі таңда 2030 жылға дейін жаңарту бағдарламасының жобасы әзірленді. Онда ескі үйлердің меншік иелері, инвесторлар мен уәкілетті ұйымдар арасындағы өзара қарым — қатынастарды реттеу сияқты жаңа тетіктер көзделетін болады, ескі пәтерді беру тәртібі көрсетіледі, 2023 жылы қабылданған қаланың жаңа бас жоспары ескеріледі,-деп атап өтті ӘКК баспасөз қызметінде Kazinform агенттігі редакциясының ресми сұрауына жауап ретінде.

 

Жалпы, 2030 жылға қарай кемінде 676 апатты үйді жөндеу жоспарлануда, бұл 7500-ге жуық үй иесін заманауи, жайлы пәтерлерге көшіруге мүмкіндік береді.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қосымша іріктеу жарияланған болатын. Іріктеу кезеңіне негізгі конкурстық іріктеу кезеңінде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмау немесе тапсыру салдарынан оң шешім алмағандар ғана қатыса алады.

 

0
Tags :
No More Posts
Контакты диспетчерских служб инватакси

г.Астана +7 (7172) 48-19-16, пр.Аблайхана 43/1

г.Алматы +7 (7273) 46-62-22, ул.Валиханова 115

г.Атырау +7 (7122) 36-68-42

г.Актобе +7 (7132) 77-65-65 ул.Маресьева 4, «3»

г.Актау +7 (7213) 42-94-51

г.Жезказган +7 (7102) 77-30-80

г,Караганда  +7(7212) 33 07 54+7(7212) 56 54 86 , +7(7212) 51 78 18

г.Кокшетау +7 (7162) 76-16-00, ул.Пушкина 11 «А»

г.Костанай +7 (7142) 50-33-49, ул.Павлова 65

г.Кызылорда +7 (7242) 27-81-49

г.Петропавловск + 7 (7152) 39-76-87, +7( 7132) 46-11-50

г.Семей +7 (7222) 77-42-89

г.Талдыкорган + 7 (7282) 24-34-63

г.Тараз +7 (7262) 43-57-69

г.Туркестан + 7 (725 33) 7-25-41

г.Темиртау + 7(7213) 91-45-42, +7(7213 )91-45-43

г.Усть-Каменогорск +7 (7232) 61-26-40, Сатпаева проспект 36
КШТ микрорайон

г.Уральск +7 (7112) 50-05-06

г.Шымкент +7 (7252) 43-36-77, +7(7252) 43-32-30, +7(7252) 28-38-98 (социальное такси)

г.Экибастуз +7 (7187) 22 12 89, +7(7178)75-47-85

×