Қазақстанда 120 ҰОС ардагері бар.
Ұлы Отан соғысының аяқталуының 80 жылдығына орай Қазақстанда тұратын барлық ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
20 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 120 ҰОС ардагері, сондай-ақ Жеңіске үлес қосқан 42 545 азамат бар.
Олар:
— қоршауда қалған Ленинград тұрғындары – 67 адам;
— концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындары – 139 адам;
— Ұлы Отан соғысы жылдарында алған жарақаты, контузиясы, зақымдануы немесе сырқаттануы салдарынан мүгедектік алған, қайтыс болған адамның жұбайлары – 743 адам;
— Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – екі адам;
Тыл еңбеккерлері – 41594 адам.
Бұған дейін Астанадағы ҰОС ардагерлеріне әрқайсысына 5 миллион теңгеден төленетіні хабарланған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ақпараты бойынша ҰОС-ның 120 ардагеріне 5 миллион теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек көрсетілетінін атап өтті.