2024 жылы көпбалалы отбасыларға және марапатталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 818,1 мың адам жалпы сомасы 546,3 млрд.теңгеге қамтылды, оның ішінде: көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыларды 579,5 мың отбасы 474,1 млрд.теңге алды; марапатталған аналарға жәрдемақы – 238,5 мың адамға 72,1 млрд.теңге.
4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасылар табысына қарамастан көпбалалы отбасыларға жәрдемақы алуға үміткер бола алады.
Көп балалы отбасыларға төленетін төлемдердің мөлшері балалардың санына байланысты сараланады және 2025 жылы:
4 балаға – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге;
8 және одан да көп балаға – 4 АЕК немесе әр балаға 15 728 теңге.
Марапатталған анаға жәрдемақы «Алтын алқа» немесе «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын Батыр ана атағын алған, 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендері берілген аналарға тағайындалады.
Марапатталған анаға жәрдемақы ай сайын мынадай мөлшерде төленеді:
«Күміс алқа» алқасымен марапатталды – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге;
«Алтын алқа» алқасымен марапатталған немесе бұрын Батыр ана атағын алған, 1 және 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге.
Айта кетейік, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап балалы отбасыларға берілетін барлық мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 6,5%-ға ұлғайтылады.