Астанада инклюзивті спорт фестивалі өтуде
Бүгін Астанада Sana Sport Fest бірінші инклюзивті спорт фестивалі өтуде.
Қазақстанның бес облысынан 200-ден астам ерекше балалар төрт пән бойынша бақ сынауда. «Sana Sport» спорт кешені бүгінде лық толы. Кейбіреулер үшін мұндай ауқымдағы жарысқа қатысу — олардың алғашқы тәжірибесі. Ата-аналар үшін бұл өз баласын әлеуметтендірудің және оның физикалық дағдыларын жетілдірудің тағы бір мүмкіндігі.
Айман Нәбиева, Астана қаласының тұрғыны:
– Мұндай жарыстар балаларды жеңіске жетелейді және ата-аналарға үлкен қолдау көрсетеді. Бестемше спортынан жарысқа қатысудамыз. Мен немереммен келдім.
Сәуле Григорьева, Астана қаласының тұрғыны:
— Біз жеңіл атлетикамен айналысамыз. Менің ұлым 12 жаста. Оның аутизм диагнозы бар. Бірнеше жылдан бері біз инклюзивті түрде өткізілетін барлық жарыстарға қатысып келеміз. Осындай жарыстарды өткізіп жатқан ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Бұл жарыстар балаларды ынталандырады және жақсартады, балалар оң эмоциялар алады.
Жеңіл атлетика, үстел теннисі, жекпе-жек және бестемше сияқты спорттық ойындарға Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 250 бала қатысуда.
Арман Қайрат, Sana Sport Fest ұйымдастырушысы:
— Біздің шараның мақсаты – спорт мәдениетін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және өңірлерден келген балаларға бірдей мүмкіндік беру. Әр пән бойынша орындар, сонымен қатар қатысқаны үшін ынталандыру дипломдары беріледі. Күннің соңына дейін жалғасатын байқауға 12 мен 15 жас аралығындағы балалар қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірінші республикалық инклюзивті фестиваль енді дәстүрге айналады.