Елордада 15 және 16 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеге Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері қойылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан өнімдерін, табиғи шырындарды, консервілерді, тосаптарды және т.б. сатып ала алады.
Шара 15 және 16 ақпан күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайы бойынша «Көктал» сауда ойын-сауық орталығында өтеді.